Елімізде тұрғын үй құрылысының бағасы төмендеп жатыр - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Құрылысты оңтайландырудың ең жоғары деңгейі Алматыда байқалып отыр

Қазақстанның құрылыс салушылары баспана тұрғызудың өзіндік құнын төмендетіп отыр. Жаңа баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы бір жылда 110 мың теңгеден 104 мың теңгеге дейін азайған. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Құрылысты оңтайландырудың ең жоғары деңгейі Алматыда байқалып отыр: 1 шаршы метрдің өзіндік құны 26,4 мың теңгеге дейін төмендеген. Соңғы жылда тұрғын үй құрылысына аударылған инвестиция көлемі төрттен бірге көбейіп, 1 триллион теңгеден асты. Бұл – тұрғын үй құрылысы Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі көздерінің бірі болып отыр деген сөз.

Құрылыс салушылардың арасында жеке компаниялар инвестиция көлемін 29%-ға, ал жеке тұлғалар 41%-ға арттырған. Нарықта төлем қабілеті базасы да ұлғайып жатыр. 2018 жылдың 11 айында баспананы сатып алу-сату жөнінде 243 мың мәміле жасалған, көрсеткіш бір жылда 10%-ға өсіп отыр.

Ипотека бойынша да өсім бар: бір жыл ішінде баспана сатып алуға қарыз 17%-ға көп берілген.

Жаңа баспана нарығында төлемге қабілетті сұраныс тұрақты өседі деген болжам бар.

Екінші дәрежелі банктердегі жеке тұлғалардың жинақ-салымдары бір жылда 4%-ға артып отыр, карта төлемдері бойынша айналым 40%-дан артыққа көбейген.

Құрылыс салушылар халықты құрылысқа қаржы аударуға тарта отырып пайызсыз қаржылық ресурсқа ие болады, бұл да құрылыстың өзіндік құнының азаюына себеп болып отыр.

Дереккөз: baribar.kz

0 Пікір Кіру