Шетелді бағындырған қазақстандық кәсіпкерлер - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Шетелде кәсіпті қалай ашуға болады?

Бүгін сіздерге отандастарымыздың шетел аумағындғы кәсібі туралы төрт бірегей тарихты оқып шығуды ұсынамыз. Weproject.kz сайтынан алынған мақаланың қазақ тіліндегі нұсқасы. 

Гаухар Ассион, Франция

Chez Mademoiselle / Paris — Astana мейрамханасы, нарықта 9 жыл


Алғашқы үш жылда біз француз асханасының бисторы ретінде жұмыс істедік. Ойлана келе қазақ тағамдарын дайындауға бел будым. Бірақ біз тек қазақ асханасын ұсынбаймыз, сонымен қатар посткеңестік елдерінің ас үй тағамдарымен де қамтимыз деп шештік. Яғни, ас мәзірімізде борщ, котлет, өзбек палауы мен хинкали де бар. Мейрамхананың бір артықшылығы-тағамдардың барлығы авторлық интерпретация. Мысалы, мен «под шубой» салатына майшабақты емес, норвегиялық ласосьті қосамын. Сөйтіп салат ерекше дәмге ие болады.

Ас үй жұмысына бала кезімнен әуеспін және баламның да осы іске деген  сүйіспеншілігін оятуға тырысамын. Бастапқыда мен болшағымды бұл саламен байланыстырмадым. Себебі Қазақстандағы жоғары оқу орнында «заңгер» мамандығын аяқтадым, сонымен қатар менде аяқталмай қалған ағылшын тілі оқытушысы мамандығы болды. Парижге келіп, өзімнің дипломым бойынша жұмыс таба алмадым. Сөйтіп, мейрамхана жұмысында бағымды сынағым келді. Осы жерге тез бейімделіп, мінезімді қалыптастырдым. Ал бұл маған Парижде тұрақтап қалуға көмегін тигізді. 

Басқа адамға қызмет көрсетуімнің арқасында, мен Париж мейрамханаларының көптеген нюанстарын түсіндім. Жақсы нәтижеге қол жеткізгің келсе, өз ісіңе толықтай берілуің керек. Тұрақты тұтынушылар жинау үшін, мейрамхананың қызмет көрсетуі мен ішкі дизайніне да мән беру қажет. Екі елдің мейрамхана иелерінің бейнесі екі түрлі. Мысалы, біздегі мейрамхана бастықтары үстелді мүлде сүртпейді, ал Парижде мейрамхана иесі үшін бұл іс қарапайым нәрсе.


"Баға ұмытылады, дәм қалады" деген жақсы мақал бар. Егер сізге тағам ұнаса, онда сіз бағасына мән бермейсіз. Бірақ оның дәмі мәңгі есте қалады. Сондықтан әрдайым сапаға жұмыс істеу керек. Бүгінде біз жоғары сапаны ұсыныуымыздың арқасында айтарлықтай тұтынушылар жинап алдық.


Егер сіз Парижде өз мейрамханаңызды ашуды жоспарласаңыз, онда сізге Қазақстандағы стандарттардан толықтай бас тарту керек. Францияның кәсіпкерлері алғашқы жұмыс жылдарында бірден көп пайда түспейтінін түсінеді. Ал Қазақстанда адамдар аша салысымен пайданы көздейді. Ал бір жыл көлемінде табыс түспесе, жаба салады. Мұнда бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек етіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген мекемелер ғана танымал. Сол себепті бір сөзбен айтқанда адам бойында табандылық, шыдамдылық, батылдық сынды қасиеттер болғаны дұрыс.

НАЗИМ ПАЛТАШЕВ, АҚШ
Soul of Nomad сән үйі, фэшн-ритэил, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап нарықта


Өнеркәсіптік инженерлік білім, құрылыс және девелоперлік жобаларды басқару тәжірибесі жеке брендті іске асыруға септігін тигізді. Жақсы өнім жасау тәсілі көптеген индустрияларға ұқсас. Егер команданы дұрыс басқара білсе, шығармашылық жүйе мен өндірісті жүйелендірсе нәтижелі өнім алуға болады. Өз жағдайымда мен командама түгелдей еркіндік беремін, дегенмен бұл ретте оларға артылған жауапкершілік те еселеп өсті. Олар өз-өзіне, өз болашағына жұмыс істейді. Ұжым өздеріне артылған жауапкершілікті, яғни компанияның капиталы, компания қорына түсетін кіріс, сапалы өнім,  тұтынушылардың келуі-олардың көрсеткен сапалы жұмысына байланысты бағаланатынын жақсы түсінеді. Сонымен қатар олар өздеріне және өздерінің болашағы үшін жұмыс істейді.


Іскерлік саяхатқа қымбат киім алатындардың қатары сирек. Әрине, біз жоғары технологиялармен жабдықталған нөмір бірінші сән үйі болғымыз келді. Сөйтіп өз-өзімізге «Біздің тұтынушылар кім?» деген сұрақ қойдық. Олар өздерінің табандылығы мен таза еңбегінің арқасында жетістікке қол жеткізген табысты адамдар. Осы сәтте біздің маркадағы киімдерді кім киетінін түсіндік. Егер көптеген брендтер Голливуд жұлдыздарына тігуді көздесе, онда біз марканы кәсіпкерлерге, ірі және танымал компаниялардың топ-менеджерлеріне ұсынамыз деп шештік. Неліктен? Өйткені, олар осы заманның батырлары, олардың табысы экраннан емес, көп жылдар бойғы қажырлы еңбегінен кейін келді. Дәл осы адамдар өз индустриясында әлемдік прогреспен байланысты. Тұтынушыларға адамдар іскерлік саяхатқа неге біздің брендтегі джинсыды, былғары күртешені кию керек деген сұраққа әрдайым жауап береміз. Ұжым үшін біздің киімде адам өзін қалай сезінетіні маңызды.


Сіздерге айтарым мақсатыңызға жетер жолда ешқашан берілмеңіз. Қабілетіңіз болса, кәсіпті барлық жерде ашуға болады. Кез келген салада қиындықтар болады, сол сияқты кәсіпте де. Барлығы сіздің индустрияңызға және сіздің істегіңіз келген жұмысыңызға байланысты. Егер сіз стратегиялық тұрғыда нарықта өсу бар деп ойласаңыз, онда кәсіпті Исландиядан бастап Бирмаға дейін ашуға болады. Бастысы сіздің тауарыңыз сұраныста болуы қажет.  Өзіңізге мықты команда жинаңыз, жұмыс тәжірибесі мен бизнес құру тәжірибесі бар адамдарды, бизнесте ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға және басқарушы ретінде сізді өсіруге көмектесетін жақсы менторларды табыңыз. Ең бастысы, қорықпаңыз, әрекет етіңіз.

САИДА ТАУКЕЛЕВА, Грузия және Армения
MMA Georgia және MMA Armenia сақтандыру компаниясы, нарықта шамамен 7 жыл


Бизнесті жүзеге асыруға  КазГЮА-да «Кәсіпкерлік құқық» факультетінде алған заң білімі көмектесті. Сонымен қатар мен бағалы қағаздар нарығында, ұлттық компанияларда тәжірибеден өтуші заңгер болып жұмыс істедім. Бұл да мені кәсіби маман ретінде қалыптастырды. Менің Грузия аумағындағы компаниям Қазақстан инвестициясына еш қатысы жоқ, себебі бұл толығымен жеке кәсібім. Біз тек реттеушіге, бізге жетекшілік ететін Ұлттық банкке ғана есеп береміз.

Әрине, біз осы салада алғашқылардың бірі болған жоқпыз, нарықта бәсекелестікке тап болдық. Екінші жағынан, бәсекелестік компанияның дамуына жақсы жағдай жасады. Жалпы Грузияда өз бизнесін ашуда түсініспеушіліктер аз, шетелдіктер үшін кедергілер жоқ десем де болады. Біздің қызметімізді бейімдеуге грузиндік серіктестеріміз көмектесті. Біздің басты қиындығымыз клиенттерді тарту болды. Біз осы салада адамдарға қызметті түсіндіру бойынша үлкен жұмыс атқардық. Әрине, нәтижесін берді. Бұл бізді жоғары сапа мен кәсіпқойлыққа міндеттеді. Тәуекелге бел буып, қорқынышты азайтып, ісімізден жақсы нәтиже алдық.


Грузияда кәсібіңізді ашқыңыз келсе, жергілікті заңнаманы жақсы меңгеріп, кәсіби заң кеңестерінің көмегіне жүгінуіңіз қажет. Құжат айналымын қалай жүргізу керектігін үйреніңіз, ол үшін ағылшын тілін, ал ең дұрысы — грузин тілін білу қажет. Жалпы алғанда, бұл велосипед ойлап тауып, барлығын таң қалдыратын ел емес. Өз ісіңізде жақсы команда жинауға тырысыңыз. Өз ісіңізге сеніңіз! 

НАТАЛЬЯ ЗАХАРОВА, Италия
Италиядағы қабылдаушы туроператор BTL Italy By Amenite Boutique Travel club Srl., нарықта 2013 жылдың қаңтарынан бастап


Мен Қарағандыда 17 жыл тұрдым және сол жерде №3 ағылшын тілінде сабақ беретін мектепті тәмамдадым. Бала кезімнен шетелде білім алсам деген үлкен арманым болды. Мектебімде білікті мұғалімдердің арқасында тілді жетік меңгеріп алуға мүмкіндік алдым.  Сөйтіп мен шетелге бару үшін, бала кезімнен түрлі жарыстарға қатыстым. Мектепке шетел мұғалімдері келіп, өз білгендерін үйретіп кететін. Осы көріністің барлығы талпынысымды күшейтті. Жалпы алғанда, Қарағанды-мәдени деңгейі жоғары қала. Әр түрлі үйірмелерге, шетел қонақтарының іс-шаралары, театрға қатыстырған ата-анама алғысым шексіз.

Шын мәнінде, менің тұтынушылрым шетел адамдары емес. Италияға келген сәттен  мен ол туралы ештеңе білмейтіндігімді түсіндім. Бұрынғы қалыптасқан стереотип: Италия — бұл макарон, пицца, Тото Кутуньо, Армани с Дольче мен Габанно. Дегенмен бұдан басқа білмейтін дүниелер көп болды. 

Бірақ мен Италиядағы Қонақ үйлерді брондауға ғана емес, нағыз Италияның рухын жеткізуді көздеп, Жерорта теңізі тұрғындарының өмір салты мен тамақтанудың құпиясымен бөлісу үшін фирманы ашуды шештім. Өйткені итальяндық тағамдар әлемдегі ең дәмді және пайдалы өнім. Мысалы сицилиялық, апулиялық, неаполитандық, тоскандық және т.б. тағамдар бар. Дольче Габанна киімдерін  Италияда негізінен туристер сатып алады,Ал итальяндық стиль-мүдем басқа. Олар жеңіл киінгенді жақсы көреді.  Бұл тігіншінің тапсырысына тігілген киім ғана емес, бұл өмір салты. Бұл елдің тарихы мен мәдениеті Микеланджело, Рафаэль, Да Винчи сияқты ұлы суретшілермен тығыз байланысты. Ал тәтті өмірге деген махаббат көне римдіктер дәуірінен бастап, термаль кешендеріне деййі байланысты.

Өз кәсібіңізді ашпастан бұрын сізге шын мәнінде ненің ұнайтынын, неден рахат алатыныңызды біліп алғаныңыз жөн. Ал ниет болса, ісіңіз берекелі болады. Егер техникалық жағдайлар туралы айтатын болсақ, міндетті түрде тілді, менталитетті, әдет-ғұрыпты, заңдарды білу керек. Армандар орындалады, тек өзіңізге сеніңіз.

0 Пікір Кіру