Елбасы ортақ валютаның ауылы әлі алыста екенін айтты  - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Президент сөзі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валютаны енгізу мәселесі жайлы айтып берді.

«Ортақ валюта жайлы айтсақ, ол тақырыпта ешкім сөйлескен жоқ. Және де біз ешқандай келіссөздер де жүргізген жоқпыз. Кейбіреулер Еуропадағы еуро сияқты валютаға қол жеткізгісі келетін шығар. Бұл жақсы, әрине, бірақ бізге бұған дейін әлі алыс», - деді Назарбаев.

Бұл үшін бізге барлық мемлекеттердің экономикаларын бірдей деңгейге дейін дамыту керек.

«Ал осы үшін бірдей жағдайлар, бірдей экономика болуы қажет. Және де барлығы ортақ валютамен өмір сүргісі келуі керек. Бізге алыс әлі. Тіпті, Ресеймен және Қытаймен энергетика саласында ұлттық валютамен саудаласу мәселесі – аса күрделі. Сондықтан, бұл - болашақтың мәселесі. Әрине, бұл жақсы тілек, бірақ бұл жақында болмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

0 Пікір Кіру