Әлемнің жарты байлығы 0,7% адамның қолында - на finance.bugin.kz
Сержан - на finance.bugin.kz Сержан

Әлемнің 0,7% халқының қолында бар байлықтың 46 % бар

Жыл өткен сайын әлемдегі кедейлердің саны азайып келеді, милиондаған адам жыл сайын орташа буржуазияның қатарын толықтырып жатыр.

Visual Capitalist зерттеу орны сайтының жазуынша, әлем халқының 0,7 %  байлығы 1 милион доллардан жоғары болып саналады. Оларда мөлшермен 129 трилион доллар капитал бар. Осы байлардың 70 пайызы Лондон, Гангонг, Токио, Вашингтон сияқты үлкен қалаларда тұрғанды ұнатады екен. 

Қолындағы мүлкінің құны 10 мың доллардан төмен адамдардың саны, әлем халқының 70 пайызын ұстайды. Олардың капиталы бар болғаны дүниежүзі байлығының 2,7 пайызын ұстайды немесе 7,6 трилион долларға тең.

30 милион доллардан артық инвестация сала алатын супер байлар көбінесе Лос-Анжелес, Чикаго, Лондон, Вашингтон, Гангонг, Париж сияқты үлкен қалаларға шоғырланған. Төмендегі картадан байқағаныңыздай байлық негізінен Солтүстік Америка мен Еуропа құрлығына шоғырланған.

Экономикалық өзгеріс жылдам жүріп жатыр, енді 20 жылдан кейін байлықтың орналасу картасы өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. 

0 Пікір Кіру