Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі – 26 440 теңге - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Министрліктің статистикасы

Елімізде 2018 жылдың желтоқсан айында жан басына шаққан кездегі ең төменгі күнкөріс 26 440 теңгені құраған. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан.

Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың - 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,3%, көкөністер мен жемістерге - 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,3% жұмсалған



0 Пікір Кіру