Астана әкімдігі шенеуніктердің таксимен жүруі үшін 380 млн теңге бөлді  - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Шығынды қысқартуға бағытталған

Астана әкімдігі қызметтік көліктерден бас тарта отырып, енді таксимен жүретін болады. Оның өзінде, ай сайын алатын жалақысына емес, мемлекеттен бөлінген ақшаға жүреді. Мемлекеттік қызметкерлері таксимен жүруі үшін оларға деп арнайы 380 миллион теңге бөлінді.

— Әкім, оның орынбасарлары мен аудан әкімдеріне белгілі бір такси жүргізушілері тіркелген. Ал, қалған әкімдік шенеуніктері барлығы секілді таксиге тапсырыс береді, — дейді Астана қаласы жүргізушілері Ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Ханкожин.

Бұлай шешім қабылдауға басты себеп, шенеуніктер бюджеттің шығынын азайтады. Яғни, осыған дейін қызметтік көліктерді асырау үшін 500 миллион теңгеден артық ақша жұмсалған. 

0 Пікір Кіру