Қытай экспорты соңғы екі жылда болмаған құлдырауға ұшырады - на finance.bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на finance.bugin.kz Салтанат Шынәділ

Бұл құлдыраудың әсері қандай?

Қытайда  өткен аймен салыстырғанда экспорт 4,4% -ға, ал импорт 7,6% -ға төмендеген. Бұл сандар дүние жүзіндегі екінші ірі экономикалық аймақтың одан әрі әлсірейтінін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл азиялық қор нарығының құлдырауына апарады деп болжануда. 2018 жылы Қытайдың АҚШ-пен сауда-саттық профициті рекордтық деңгейге жеткен болатын.  Дәлірек айтсақ, өткен жылы АҚШ-пен арадағы экспорт пен импорт 17,2%-ға, яғни 323,32 млрд. долларға дейін жеткен.

Қытайдың өз өнімдерін шетелге шығарудағы жетістігі, экспортты сақтай отырып Қытаймен сауда «соғысын» бастаған, АҚШ президенті Дональд Трамптың ызасын келтірді. Осындай ашық бәсекеге қарамастан өткен аптада екі жетекші мемлекет қақтығысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізе бастады.

Қытайдағы сұраныстың төмендеуі кейбір компанияларға әсер етті. Осы айдың басында Apple корпорациясы өзінің кірістерінің Қытайдағы құлдырау себебінен төмен болатынын айтты. Jaguar Land Rover автомобиль компаниясы да Қытайдағы сату көлемінің төмендеуінен зардап шеккен. Pantheon Macroeconomics бойынша азиялық экономист Фрея Беамиш: «Экспорт пен импорт – екеуі де қараша айында айтарлықтай құлдырады. Ал желтоқсандағы құлдырау мөлшері одан жоғары»,-деп мәлімдеме жасады.

Жақында Қытай билігі өсуді жеделдету, инфрақұрылымға жұмсалатын ақша бөлу және салықты төмендету жұмыстарын жасады.

0 Пікір Кіру