Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өсті - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

768 теңгеге өскен

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 15,4-тен 16,1 мың теңгеге өскенін айтты. 2018 жылы жәрдемақы мөлшері 15 392 теңге, ал 2019 жылы 16 160 теңге болды. 768 теңгегеге өскен.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Мадина Әбілқасымованың айтуынша, жәрдемақы мөлшері елдегі инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі. Биыл инфляцияның орташа дәлізі бес пайыз және соған байланысты жәрдемақы көтерілгенін айтады. "Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдары бар көпбалалы аналарға өмір бойы ай сайын жәрдемақы беріледі. Басқа елдерде мұндай жоқ екенін ескертті. Ресейде ана капиталы бар. Бізде, егер барлық жылдарды санайтын болсақ, бірнеше миллион теңге шығатынын айтып өтті.

"Күміс алқа" белгісі алты не одан да көп баланы тәрбиелеп отырған әйелге беріледі, ал "Алтын алқа" жеті не одан да көп баланы асырап отырған әйелдерге беріледі.

0 Пікір Кіру