Таныс адаммен сауда жасасқан дұрыс па? - на finance.bugin.kz
Аманжол Оразбеков - на finance.bugin.kz Аманжол Оразбеков

Сауда да сәлем жоқ

Жөн білетін адам таныс кісісімен сауда жасаспайды. Бәлкім, баз біреулер аңтарылып қалар: "танысың болса жұмысың оңды болады демеуші ме еді" , сен таныстықтан неге үркіп отырсың , — деп.

Мұның өзі жөн білмектің жөні. Тіпті таныс болған соң сендегі алашағын қайтармайды бәлкім. Сол таныстық болған үшін сені тұлаққа отырғызып кетсе де айтыса алмассың. Сол таныстық болған үшін саған өткізген затты нашар болса да ауыстырып бер деп ауыз аша алмассың..

"Сауда да сәлем жоқ" —  дейтін сөз бар. Бұл сөздің әлі күнге дейін ғибырат үшін айтылып келе жатқанына қарағанда мұның адамның қолынан оңай-оспақ келе салатын іс болмағаны. Қанша дегенмен бұрынғылардың қанында ұландарының туысқандық тамшысы құрамдасып жатқандықтан  "мәрттік" пен  "пайда" (мүдде) нің қақтығысында ақылға тоқтайтын "мүдде" қашан да сезімге бағынып "мәрттікке" жол беріп шыға береді. Ал, іс жүзіндегі сауда майданында "мүдденің" орнын "мәрттікке" бастратын әрекет ең жоғарғы принцпіне қайшы келеді. Онымен қоймай ойың мен ісің екі басқа шығатын зардаптарды тудырады.

Әрине таныс кісіңмен сауда жасаспа деген қатып қалған нәрсе емес. Дегенмен, саудаға алғаш кіріскенде өз көңіліңе сүйеніп, достыққа сүйеніп, мол пайдаға кенелем деу де қатерлі ой. Ең маңыздысы — сауда майданына келеді екенсің, сауданың өз принцпіне қатаң бойсынып, "ойынның" жүрісін жүру керек. Әйтпегенде, біздің сауда сапарындағы көресімізді әлгі бір баллар әнінде айтылатындай: — адасқан лақ, қасқырдан жол сұраптының кебісі болады.


0 Пікір Кіру