Дайын кәсіпті сатып алу барысында жіберілетін қателіктер - на finance.bugin.kz
Әділет Мәдениет - на finance.bugin.kz Әділет Мәдениет

Кәсіп саласында түрлі оқиғалар орын алатыны туралы фактілерге барлығымыз қанықпыз. Бүгінгі тақырыпты тарқату барысында біз сізге атақты кәсіпкерлердің кеңестерін ұсынбақпыз. Ендеше әрі қарай парақтаңыз

Сарапшылардың өз тәжірибесінен алынған кеңестері

«Агенттік өкілдері барлығын тексереді деп үміттенеді».

«Ұсынылған кәсіпке қатысты жауапкершіліктің барлығы құжаттар толық рәсімделіп біткенше, сатушы тараптың мойынында болады. Өйткені, ол құжаттарға қос тараптан қол қойылмайынша оның активтері болып есептелмек. Ал агенттік сауданың қауіпсіз және толыққанды өтуін ғана қамтамасыз етеді.

Ал ұсынылған активті тексеру неесе тексермеу – сатып алушының жұмысы. Дегенмен, агенттік өкілдері сауда-саттық барысында өзіндік сараптау шараларын жүргізеді. Бұл – олардың жұмысы.

Сондықтан, активтерді сатып алу барысында барлық құжаттарды мұқият тексерген артық етпейді».

«Первый брокер» компаниясының сату бөлімінің басшысы Александр Медведов.

«Сатып алушы ұсынылған фирманы жеке тексеруден (ФНС сайтында, Росстат, ФССП) өткізуге толық құқылы. Сіздерге сатып алғалы жатқан нысанды тексеруден өткізіп алуға кеңес беремін. Өйткені, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарынан, ұлғайту шараларынан, сырып тастаудан қашқан егелері белсенді түрде сатуда».

«Бис-Брокер» компаниясының бас директоры Денис Меламед.

«Өзімнің тәжірибемнен сәтсіз шыққан мысалдар келтірейін. Кәсіпкер жұмыс жасап тұрған автосервис пен жер телімін және ғимаратты сатып алады. Арада төрт ай өткен кезде электр желісі дәл осы нысан тұрған жерден өткізілетіні айтылып, оның үстінде ешқандай ғимарат тұрмауы керектігін ескертеді.

Сатып алушы осы себептермен өз бизнесін, сатып алған ақшасын құрдымға жіберді. Сондай-ақ, оның кәсібінің бағасы да күрт төмендеді.

Ертерек тексеру туралы осындай жағдай орын алмасы үшін көп айтамын».

«Альтера Инвест» компаниясының негізін қалаушы Максим Новицкий.

Аралас әрі ауқымды кәсіпті сатып алу туралы

«Араласқан әрі көпфункциялы кәсіпті сатып алумен айналыспаңыз. Оның есесіне бір жерден басқарылатын әрі бір тауарға негізделген активтермен жұмыс жасаңыз. Бұл қадам өзіңізге әлдеқайда түсінікті әрі қолайлы.

Бизнесті соңғы ақшаңызға және несиеге сатып алудан аулақ болуға кеңес беремін. Несие алуға көмек бермек болған сатушылардан абай болыңыз. Кәсіп жүріп кетпеуі мүмкін, ал банк сізден несие қайтарымын қалай да талап етеді.

Дағдарысқа ұшырасаңыз да қалтаңызға күш түсірмейтін бос капиталды таңдаңыз».

Kawaii Factory және Monoroom компаниясының үлескері Юлия Пескова.

Эмоцияға жол бермеу керек

«Кәсіпкер әйел коммерциялық жылжымайтын мүлік бағытында жақсы жұмыс жасап келе жатқан. Ол жерде түсім көлемі де үлкен кәсіпкерлермен қарым-қатынас та өте жақсы деңгейде еді. Кәсіпкер әйел босанғаннан кейін алабөтен дүниемен айналысқысы келіп, «Альтера Инвест» компаниясының қызметіне жүгінді.

Біз оған жақсы фотостудио таңдап бердік. Бірақ кәсіпкер әйел жұмыс жасай бастағаннан-ақ оның екі нәрсеге көңілі толмады: біріншісі 3000 рубль көлеміндегі орташа түсім және тұтынушылардың өздері.

Фотомодельдердің жүрісі, түсімнің аздығы, талғампаз тұтынушылар әйелдің ашуын туғызды. Соңында ол фотостудионы сатуға да талпыныс жасамай, жауы тастады».

«Альтера Инвест» компаниясының негізін қалаушы Максим Новицкий.

Сыртқы факторларға көңіл бөлмеу туралы

«Ұсынылып отырған кәсіптің срытқы факторларына да көңіл аударыңыз. Мысалы, орналасқан жері, халық тығыздығы, белсенділігі деген секілді. Сіздің негізгі мақсатыңыз сатып алынған кәсіптен пайда түсіру екендігін ұмытпаңыз.

Мен тігін өндірісімді Қытайдан Ресейге киім жеткізетін кәсіпке айырбастағым келді. Өйткені, кеден мен жеткізу тым ұзақ уақыт алатын. Бірақ бұл ойым жүзеге аспады. Өйткені, Ресейдегі шикізат базасы барлығына бірдей қолжетімді емес. Осы себепті өндіріс жұмысы тоқтап қала береді. Сонымен қатар, жергілікті қоймалардың сенімсіздігі және серіктестердің тұрақсыздығы да кедергілер қатарында. Кәсіпті сатуға тура келді».

Kawaii Factory және Monoroom компаниясының үлескері Юлия Пескова.

Барлық активтерді сатпайды

«Сізге ғимаратты ғана емес, барлық бизнесті сатқанын қадағалаңыз. Келісімшартта аренда құқығы, материалдық, материалдық емес активтері, тұтынушылар базасы, әлеуметтік желілердің логиндері мен парольдерінің жазылғанын қадағалаңыз.

Тәжірибемнен. Бір адам хабарласып, 1 миллион рубльге қолма-қол такси желісінің диспетчерлік қызметін сатып алғанын айтты. Ақырында, офис, диспетчер, телефон нөмірі, тұтынушылар базасы мен жүргізушілердің орынына оған сайт қана бұйырған.

Мен одан «Келісімшарт құжаттары бар ма?» деп сұрадым. Ол тек ақашын алғаны туралы қолхатын ғана алған екен. Егер құжаттар болмаса заң тұрғысынан да ол сатып алғанын дәлелдей алмайды. Сотқа барудың да ешбір мәні жоқ».

«Бис-Брокер» компаниясының бас директоры Денис Меламед.

Біз сарапшылар мен кәсіпкерлердің бірқатар кеңестері мен мысалдарын сізге ұсындық. Олардың кеңестерінен сату-сатып алу барысында қандай мәселелерге мұқият болу керектігін, құжаттардың қаншалықты маңызды рөл ойнайтындығын, ғимарат пен активтердің айырмашылығын байқауға болады.

Сату немесе сатып алу барысында өте мұқият болыңыз. Өйткені, сіздің қолыңыздағы жұмсалатын қаражат – маңдай теріңіздің жемісі.

0 Пікір Кіру