1910 жыл 22 қараша: жалғыз вагонды пойыздағы құпия адамдар кімдер? - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Federal Reserve System құпиясы

1910 жылы 22 қараша кеште, терезесі түгел қымталып перделенген жалғыз вагонды пойыз New York-тан  шықты да, батыс-оңтүстік бағытты бетке алып баяу жылжып бара жатты. Вагондағы «жолаушылар» АҚШ-тың ең қабырғалы банкирлері еді. Олардың қайда, не мақсатпен сапар шекеннін жан баласы білмейді. Пойыздың барар жері осыдан неше жүз ағылшын мил шалғайдағы Georgia штатының Jekyll Island аралы еді.

Georgia штатының Jekyll аралы – АҚШ-тағы ең шіріген байлардың иелігіндегі қыстаулық саяжай. Кезінде J.P.Morgan бастаған қалталы байлар осы аралда саяхат клубын ұйымдастырған. Ол клубтың мүшелері жер бетіндегі байлықтың алтыдан бір бөлігін қолына ұстап тұрғандар.

Аталған клуб жуықта ғана «біреулер клубты екі аптаға жалға алмақ, осы аралықта клуб мүшелерге ашылмасын, қызметкерлер түгел құрлықтан ауыстырылып әкелсін, клубқа жол түскен меймандардың аты ғана шақырылып, тектері мүлде ауызға алынбасын, клубтың айналасындағы 50 ағылшын мил аумақтан тілшілердің қарасы мүлде көрінбесін» деген бұйрық алынды.

Сонымен, арнайы бұйрық арқылы жасақталған меймандар кімдер? Олардың мақсаты не? Әлемге қандай өзгеріс әкеледі?

Қонақтар тізімі:

Nelson Aldrich – сенатор, мемлекеттік ақша комитетінің төрағасы. Rockefeller-дің нағашы атасы.

Piatt Andrew – АҚШ-тың қазына министрлігінің көмекшісі. Frank Vanderlip, New York ұлттық қала банкісінің төрағасы.

Henry P. Davison – Morgan серіктігінің жоғары дәрежелі серіктесі.

Charles D.Norton – New York Бірінші ұлттық банкісінің төрағасы.

Benjamin Strong – Morgan сенімді серігі.

Paul Warburg – Германияда АҚШ-қа 1901 жылы ауып келген еврей босқыны, Kuhn Loeb and Company серіктігінің жоғары дәрежелі серіктесі. Ұлыбритания мен Франциядағы Rothschild шаңырағының өкілетшісі. Федералдық қордың бас жобалаушысы, Федералдық қордың алғашқы жорасы.

Аттарынан ат үркетін бұл бай-манаптар мен мемлекеттік тұлғалардың сонау алыстан бұл аралға келулері жайдан-жай емес. Олардың негізгі мақсаты: «Федералдық қор туралы заң жобасы» (Federal Reserve Act) деп аталатын маңызды әрі құпия құжатты дайындау.

Атқа мінерлердің арасындағы талас 9 күнге созылып, ақыры бір шешім қабылданды. 1907 жылғы банк дағдарысына байланысты, банкирлердің халық көңіліндегі образы қатты нашарлап, тіпті, парламенттің бірде-бір мүшесі банкирлердің қаламы тиген заң жобаларын ашық қолдауға батылдық етпес болды. Біз айтып отырған азаматтар (байлар) сонау New York-тен бұл аралға келіп таласса осының әсерінен.

Сол тұста «Орталық банк» деген атау жұрт құлағына жағымды естілген жоқ. Осыны бірден түсінген Paul «Орталық банк» атауын «Федералдық қор жүйесі» (Federal Reserve System) деген бұлыңғыр атаумен көлегейлеуді ұсынды.

«Федералдық қор жүйесі» (Federal Reserve System) қалай жобаланды?

Шындығын айтқанда, бұл жүйенің Ұлыбританияда қалыптасқан банк жүйесінен еш айырмашылығы бола қоймады. Банк жарнасы жеке тұлғалардың қолында болатын және қашан да есебі жоқ пайда беріп тұратын орталық ретінде жобаланды. Бірінші және екінші банктерден айырмашылығы, Федералдық қордың жарналық құрамындағы үкіметке тиесілі 20 пайыздық жарнаның өзі бір жола алынып тасталды, сөйтіп, ол бірыңғай жеке меншік орталық банктің барлық сипатын әзірледі.

Федералдық қор жүйесін сырт көзге барынша жасанды етіп көрсету мақсатымен, Федералдық қорды кім басқарады деген мәселеге байланысты Paul: «парламент-ақ басқарсын, жоралар арасында үкіметтің де уәкілі болсын, бірақ, жоралар алқасының басым көбін банк қауымдастығы тіке немесе жанама түрде тізгіндеп отырсын» деген ұсыныс айтады.

Уақыт өте келе, Paul бұл сөзін былай деп өзгертті: «жоралар алқасының мүшесін президент тағайындайды. Алайда, жоралар алқасының қызметін Федералдық ақыл-кеңес комитеті меңгереді. Федералдық ақыл-кеңес комитеті мен жоралар алқасы уақытылы жиын ашып, жұмыстарды «талқылайды». Енді қызықты қараңыз, Федералдық ақыл-кеңес комитетінің мүшелерін 12 федералдық қор банкісінің жоралары тағайындайтынын көпшілік қауымнан әдейі жасырын ұстап, ашық айтпады.

Paul мырзаның басын қатырған келесі мәселе, Федералдық қорды шын мәнінде, New York банкирлерінің тізгіндейтінін елден қалай жасыру керектігі болды. Мұның шешімін Paul тұтас Федералдық қор жүйесі жергілікті 12 банкіден құралады деген талантты жобаға сүйене отырып шешті.  Одан бөлек шу шықпас үшін, банктің бас штабын New York қаласынан емес, АҚШ-тың бас қаласы Washington-ға ауыстыру керектігін ұсынды.

Міне, дәл осындай көреген әрі құпия түрде жүзеге асқан Федералдық қордың бойынан мін табу қиын. Неге дейсіз бе? Себебі, президент тағайындап, парламент тексеретін, дербес тұлғалар жора, банкирлер кеңесшісі болатын мұндай құрылымды орға жығып көріңіз.

Негізгі дереккөздер «Ақша соғысы» кітабынан алынды.

0 Пікір Кіру