200 мың долларға өмірден сабақ сатып алдым - на finance.bugin.kz
Серіков Нұрболат - на finance.bugin.kz Серіков Нұрболат

Аз ақша емес

«Жігіттер» квартетінің мүшесі, өнерде өзіндік орны бар ерекше дауыс иесі Бағлан Әбдірайымов YouTube желісіндегі «Talklike» бағдарламасының жүргізушісі Аман Тасығанмен болған сұхбатында ағынан жарылды. Әнші өзінің ағаттық істеп аңдамай басқан оқыс қадамына өкінетінін білдіріп, артынан еріп келе жатқан іні-бауырларына сабақ болсын деген ниетпен осы сұхбатқа келіскендігінде жасырмады.

- Құмар ойынның қызығы студент шақта басталған еді ,ол кезде елу тенгені көп дүкеннің ішінде тұратын ойын автоматтарына салып қайтатынбыз. Сонғы үш жылдың көлемінде құмар ойын дейтін түпсіз құдыққа қалай түсіп кеткенімді де байқамай қалдым. Қалтама тиын түссе болды құмар ойынның қақпасын жағалауды әдетке айналдырдым. Жаман ойыншы да болмадым, әр барған сайын ұтыспен қайтатынмын, екі казино да ұтысты ойыншы болғандығымнан есіктерін маған жауып тастаған сәттері де болды.Басындағы ұтыстың бәрінде болатындығын сол кезде аңғармадым. Алғашқы рет жиырма төрт сағат ойын үстелінде тапжылмай отырып отыз мың доллордан ұтылдым. Кеткен ақшамды қайтарамын деген оймен көптеген кісілерден де қарыз алдым. Бас аяғы 200 мың доллардың ар жақ, бер жағындағы қарызға келіп тіреледім,- дейді Бағлан өз сұхбатында.  

-Алланың қалауымен қазіргі таңда ол есіктердің барлығына мен үшін құлып салынған. Мен өмірден осындай сабақ сатып алу үшін 200 мың доллар жұмсадым, ендігі бауырларымның осындай сабақ алуын қаламаймын. Жалпы бұл ойынның босағасынан аттамағанда дұрыс, бәленің бастауы ойлаудан басталады дейді ғой сол ойды осы жерден тастап кетсе екен деймін.

Сонымен қатар,  Бағлан өзінің алдағы мақсаттарымен де бөлісті. Талантты әншінің арманы мен мақсаттары енді айқын болған сияқты. Сәттілік тіледік!

0 Пікір Кіру