Марғұлан Ақан

4 категория бойынша қабылданады


Зейнетақы қорына жиналған, маңдай термен тапқан ақшаны кез келген адамның алуға құқысы бар. Алайда ол құқық нормасы 4 категория бойынша негізделіп беріледі.


1.     2018 жылдан бастап жасы 63-ке келген ерлер мен 58,5 жастағы әйелдер өздерінің зейнетақыларын ала алады. Әйелдердің зейнетке шығу жасы бұдан кейін жарты жылға қосылып отырады.

2.     І және ІІ қатардағы мүгедектер, егер мүгедектік анықталмаса

3.     Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты түрде тұратын азаматтар (шетелдік), азаматтағы жоқтар, егер ҚР-дың заң талаптарына сай құжаттары болса.

4.     Мұрагелер. Егер зейнетақы қорында ақшасы бар адам дүниеден өтсе, оның қордағы ақшасы мұрегерлеріне беріледі. Ол үшін 7 кезектен өту керек. Мәселен ең бірінші мұрагер ретінде баласының, асыранды баласының, әйелінің және ата-анасың ақшаны алуға негізі бар. Екінші кезекте: ағасы, әпкесі, атасы және апасы, немересі кіреді.


Арызды қайда жазу керек?

Жасы мөлшеріне қарай, мүгедек және елден шет жердегі тұрақты мекен-жайын растайтын құжат арқылы арыз жазу. Арызды арнайы зейнетақы қорының бөлішесінде немесе пошта арқылы жазуға болады. Осы жылдан бастап зейнеткерлер мен мүгедектер www.enpf.kz сайты арқылы онлайн арыз бере алады. Бұл үшін арнайы цифрландырылған электронды қолы керек.



0 Пікір Кіру