Марғұлан Ақан

Жаһан алаңдап отырған мәселе

Әлемдік нарықтағы мамандар мен зерттеуші тарап АҚШ-тың Иранға қаратып салған мұнайға байланысты санкциясы негізінде мұнай тапшылығына ұшырауы мүмкін. Бұл қорқыныш 2020-2040 жылдар аралығында байқалады деп отыр.

 

Анығында алаңдайтын мәселе санкиця әлде мұндайдың бір сәттік тапшылығы емес, мәселе өте мол мөлшердегі мұнайы қоры бар жер табу. Егер бұл жоспарға 2 жыл ішінде қол жеткізе алмаса, 2020 жылы жаппай әлемдік деңгейде қара алтынға деген сұраныс артып, тапшылық туындайды.

Wood Mackenzie  компаниясының болжамынша, 2030 жылы мұнай тапшылығы тәулігіне 3 млн баррелге, 2035 жылы 7 млн баррелге, 2040 жылы 12 млн баррелге дейін жетуі мүмкін.

«Латын Америкасындағы Гайана – мұнай қоры үлкен нүктелердің бірі. Алайда бізге одан да үлкен жер керек болуы мүмкін. Егер бұл мәселенің жауабын таба алмасақ, алдағы оны жылдықта мұнай тапшылығы орын алады»,-деп Wood Mackenzie компаниясының зерттеушісі Саймон Флауэрс пікір білдірді.

0 Пікір Кіру