Тегін электронды «Күнделікке» оқушы неге ақша төлейді? - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мектеп мәселесі

Жүйенің базалық функционалы тегін болады деген министрліктің мәлімдемесіне қарамастан мектеп оқушылары электронды «Күнделікке» неге ақы төлейді?

Дәл осындай сауалды Мәжіліс депутаты Кеңес Абсатиров Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа жолдады. Әңгіме 2016 жылдан бері пилоттық жобаға енгізілген сәттен бері үнемі сынға ұшырап жүрген «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін іске қосу жөнінде болып отыр

Депутат 2018 жылдың мамыр айында «Ақ жол» фракциясының «Күнделік» жүйесін енгізудің заңдылығы мен қауіпсіздігіне қатысты депутаттық сауалына берген жауабында Білім және ғылым министрі оның деректері Министрліктің мемлекетке тиесілі серверінде сақталады деп түсініктеме бергенін еске салып өтті. Алайда сол жылдың күзінде «Күнделік» жүйесі «Ақпараттандыру туралы» Заңда қарастырылған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайтын сынақ рәсімдерінен өтпегені анықталды. Сәйкесінше, оны пайдалануға беру, оның үстіне мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен біріктіру мерзімінен бұрын іске қосылған.

«2018 жылдың қаңтар айында сынап көрудің оң нәтижесі көрсетілуі тиіс Актісі, техникалық құжаттаманы сараптау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік Аттестаты болмай жатып мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы Келісімшарт қалайша жасалған?», - деп «ақжолдықтар» сауал қоя отырып, келесі мәселеге назар аударды.

«Күнделікті» әзірлеушілер мен Білім министрлігінің өкілдері бір емес бірнеше мәрте жүйенің базалық функционалы үшін мектеп оқушылары мен оның ата-аналарынан ешқандай ақы алынбайды деп мәлімдеген болатын.

Сондықтан да аталған ресурсты қолдануды шын мәнінде мәжбүрлеп міндеттеуге және мобильді құрылғы арқылы «Күнделік» жүйесінде көрсетілетін қызметтердің басым бөлігіне қол жеткізу үшін ақы төлеуге қатысты ата-аналардың наразылық білдіруі әбден түсінікті (ағымдағы жылдан бастап айына 299 теңге немесе бір жылға 2690 теңге).Сонымен қатар, пайдаланушының өтініші бойынша ақылы негізде арнайы қосымша жүйе мүмкіндігін қамтамасыз ететін Пайдаланушы келісімінің 2.3 тармағына қарама қайшы келіп, бұл ешбір алдын ала хабарландырусыз жүргізілген. Бұл қызмет ақылы сервистік қызмет көрсету туралы Келісіммен реттелуі тиіс еді.

Бұдан басқа, депутаттардың пікірінше, Пайдаланушылар туралы үшінші тұлғаларға ақпарат берумен байланысты туындайтын Пайдаланушы келісімінің кейбір тармақтарының заңдылығына қатысты да мәселелер бар. Бұл жерде әңгіме Конституцияның 18-бабында көзделген азаматтардың жеке меншік, дербес өмірі және отбасылық құпиялары жөнінде болып отыр.

Осыған байланысты, «Ақ жол» парламенттік фракциясы вице-Премьерден:

1.Құзыретті органдарға «Қазақстан Республикасындағы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру, енгізу және оны іске қосуды қамтамасыз ету» жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісімшартын жасасу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауына тексеріс жүргізуді тапсыру;

1.Салалық Министрлікке «Күнделік» ақпараттық жүйесін қолданушыларының базалық ақпараттық ресурстарға, соның ішінде мобильді байланыс құрылғыларын пайдалану арқылы емін-еркін әрі тегін қолжетімділікті қамтамасыз етуді салалық Министрлікке жүктеу;

2.Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін Пайдаланушы келісіміне сараптама жүргізуді тапсыруын сұрады.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Abai.kz

0 Пікір Кіру