Сіздің атыңыздан несие алған жағдайда не істеу керек? - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Пайдалы ақпарат

Елімізде несие алатындардың саны артпаса, тоқтаған емес. Себебі, елдегі жұмыссыздық және жалақының жетіспеуінен халық амалдың жоқтығынан несие алуға мәжбүр. Бұл сіздің заңды түрде, өзіңіз барып алған несиеңіз. Ал егер біреу сіздің жеке куәлігіңізді немесе жеке құжаттарыңызды пайдаланып несие алса ше?

Бұл шынымен мүмкін бе? Алаяқтар шынымен бар ма?

Иә. Бұл ешқандай миф емес. Алаяқтар дәл осылай жұмыс жасайды. Олар жеке емес, топ болып әрекет етеді. Олар сіздің құжатыңызды тауып алған жағдайда немесе жеке суреттің орнына өзінің суретін қою арқылы, сізге тиесілі құжат номерлері арқылы несие ала алады. Бұл қылмыстық әрекет негізінен банктерде емес, жеке несие беру орталықтарында жиі кездеседі. Себебі, жеке несие беру орталықтарында арнайы тексеру жасау қызметі жоқ. Олар барынша сізден көп ақша алып қалу үшін өте көп процентпен несие беруге келісім береді.

Сіздің атыңызға несие алғанын қалай білуге болады?

Бұл үшін жеке несие тарихыңызды қараңыз. Қазір заң жүзінде сізге несие тарихыңызды кез келген банк шығарып бере алады және толық ақпарат көрсетуге міндетті.

Егер несие сіздің атыңызға алынып кеткен болса ше? Не істеу керек?

Ең алдымен полиция бөлімшесіне барып арыз бересіз. Сіздің атыңызға несие алынғаны туралы ақпаратты толық айтуыңыз керек. Одан бөлек несие алған банкке немесе жеке несие беру орталығына жеке өз құжаттарыңызды алып барасыз. Оларға да шағым түсіресіз. Мұндай жағдайда кез келген банк немесе жеке несие беру орталықтары сізді кері қайтарып, сенімсіздік танытуы мүмкін. Ондай жағдайда тікелей сотқа жүгініңіз. Тек осы кезде барып сізді кері қайтарған мекеме орыны жұмыс жасауға тырысады.

0 Пікір Кіру