Банк кешіргенімен, сот аямайды - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

10 жылға сотталды

Қытайдың «Хуася» банкіндегі бағдарлама әзірлеу бөлімінің  меңгерушісі он жылдан астам уақытқа сотталды. Ол банктың бағдарлама жүйесіндегі әлсіз тұсты тауып, ешкім білмейтіндей етіп ақшаны түн ортасында шешіп алған. Бұл әрекетті әр түн сайын қайталап отырған.

43 жастағы Цинь Цишен 2016 жылы банктің техникалық бағдарлама жүйесінің әлсіз тұсын байқап, одан ешкім білмей қалатындай әдіспен ақша шығарып отырған. Тіпті бұл жағдайда мамандар да, банк басшылығы да күдіктенбеген.

Арасы 2 жыл ішінде орташа есеппен 20 мың юань шығарып, 2018 жылы 1 миллион АҚШ долларына  жуық ақша жинап алған. Полиция оны тек 2018 жылдың наурыз айында ғана құрықтап, сотқа берген.

Сотталған Цинь банк басшылығынан кешірім сұрап, барлық ақшасын қайтарып берген. Банк басшылығы да кешірім беріп, оны қайта жұмысқа алатындарын айтқан. Алайда, қытай соты мұны бұлай қалдыра қоймаған. Ақыры құнығып кеткен бөлім басшысының өмірі он жылдам астам уақытқа темір тордың ар жағына тоғытылып кетті. Ақпан айында апелляциялық шағым түскенімен, сот үкімді сол күйінде қалдыруды шешкен.

0 Пікір Кіру