Жалақыңыз қанша? - на finance.bugin.kz
Талғат - на finance.bugin.kz Талғат

Қызықты дерек

Біреулер тек қана бір жалақыға қарап өмір сүреді. Иә, өмір сүреді ешқандай да қосымша табыс көзі жоқ. Сонда да  жақсы өмір сүріп жатыр.

Америкалық өнертапқыш Генри Форд Ұлы тоқырау кезеңінде өз жұмысшыларын жалақысын екі есеге бірақ көтеріпті. Ойланып қараңызшы, бұл тоқырау кезеңінде (кризис кезеңінде деп алсақта болады) мұндай әрекет бәрін таңқалдырған. Өйткені Генри Форд өзінің жомарттығымен таныла қоймаған. Жалақысы өскен завод жұмысшылары өздеріне бір-бір машина сатып алу қауқары болды. Бұлда бір бизнес жолы екен...

Әлемнің атақты футболшысы Лионель Месси  өткен жылдың қараша айында «Барселона» клубымен жаңа келсім шартқа қол қойғаны белгілі. Енді келісімшарт құнына тоқталсақ. Месси бір аптада 870 500 евро табады екен. Бұл тек  бір аптада. Енді мұны өзіміздің теңгеге шағып көрейік. Бір аптада 36 833 39 63 теңге тауып отыр екен. Бір күнде 360 207774 теңге. Ал, бір сағатта 214 3581 теңге. Бір миннут ішінде 35 583 теңге. Әр секунд сайын Месси 500 теңгеге байып отырады екен.

Атақты Apple компаниясының  негізін қалаушы Стив Джобс жылына 1 доллар табады екен. Бірақ Джобс ешқандай да кедейленіп қалған жоқ. Ол тұрақты түрде ондаған миллион доллар сияқы алады. Өз жұмысшыларына айлық ретінде компания акцияларын береді екен. Бұл жұмысшыларды екі есе жұмысты жақсы істеуге себеп болады. Өйткені компания қаншалықты жақсы жұмыс жасаса акция құны да өсе береді.

Ал, сіздің жалақыңыз қанша?

0 Пікір Кіру