Ақшадан тоған соққан құндыздар - на finance.bugin.kz
Талғат - на finance.bugin.kz Талғат

Әлемдегі қызықтар


Бұл қызықты оқиға бірнеше жыл бұрын американың Гринсбург қаласында орын алған. Сол мекендегі «Счастливый доллар» атты казиноға бәз-біреулер ұрлыққа түсіп, кассадағы 70 000 долларды қолды етеді.

Күдікті ретінде казиноның қауіпсіздік қызметшісі 25 жастағы Жаклин Уолл іленеді. Қолға түскен күдікті өзінің бұл істе тек қана жапа шегуші екенін айтады. Кезекшілік кезінде маска киген белгісіз жан шабуыл жасағанын. Тапаншамен қорқытып сигнал беру жүйелерін өшіруге бұйрық бергенін жеткізеді. Ақшаны алған ұры белгісіз бағытта Жаклинді кепілдікке алып, соққыға жығып айдалаға тастап кеткен екен.

Бірнеше күннен кейін белгісіз біреу полиция участкесіне қоңырау шалып ақшаның ұрлық болған жерден 50 км қаышықтықта орналсқан өзен жағасында екінін айтады. Сақшылар бірден өзен жағасына шығып мұқият қарап шығады.

Айтылған өзен жағасынан 50 000 АҚШ долларын табады. Бірақ жоғалған ақша мұнан көбірек еді. Сақшыларын назарын құндыздар соққан тоған назар аудартады. Полиция қызметкерлері өз күдіктерін жою мақсатында тексеріп көруге бекінеді. Шынымен де ақшаның жартысы сол тоғанда болып шықты. Ақшаны құндыздар тоған тесіктерін бітеуге пайдаланған екен. Кептіргеннен кейін ақща жарамды болған,бірақ тоған жарамсыз күйге еніп. Жануарлар орын ауыстыруға мәжбүр болды.

Ал, шын мәнісінде Жаклин Уолл кінәлі болған екен. О бастан-ақ екеуі сыбайлас болыпты. Ол бұл тонауды алдын ала жоспарланған екенін мойындаған.

0 Пікір Кіру