Нұрсұлтан Назарбаев: Көбірек армандаңдар  - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Бақытты болған бірде-бір миллиардер көрмедім

Еңбегіңмен тапқан табыс қана бақытқа жеткізеді. Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздарымен кездесуі барысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.


«Жұмысты ең көп істейтін ұлт - Оңтүстік Корея. Баланы 5 жасқа дейін тәрбиелеу керек, одан кейін пайдасыз. Оны қоғам, балабақша, мектеп тәрбиелейді. Олар 5 жасқа дейін тиіспейді, ұрмайды. Ал одан кейін сөмкесін арқалап, өмір бойы таңертеңнен кешке дейін жүреді. Жапондар да, корейлер де солай жұмыс істейді және «егер сен ана университетке түсе алмасаң, нашар өмір сүретін боласың» деп айтады.

Мақсатты миына сіңіріп алғаннан кейін онымен күні-түні айналысады. Солай білімді, ең көп жұмыс істейтін ұлтқа айналды. Яғни, еңбектің арқасында», - деді Президент. Мемлекет басшысы еңбексіз жеткен табыс бақыт болып саналмайтындығын баса айтты. «Бай ата-анадан мұра алуға болады. Бірақ, ол береке болмайды. Өмірде көрген, тәжірибелі адам ретінде айтайын, 10-20 млрд ақшасы бола тұра бақытты болған бірде-бір миллиардер көрмедім. Өзіне-өзі қол жұмсаған немесе түрмедегі миллиардерлердің тізімін де келтіре аламын. Бұл қаражат сені бақытты жасайтындай көрінуі мүмкін. Бірақ өз еңбегіңмен тапқан табыс сені бақытты қылады. Сондықтан көбірек армандаңдар. Сендерге табыс тілеймін. Мына мемлекет, менің құрдастарым, біздің буын құрған мемлекет сендер үшін, балаларың мен немерелерің үшін», - деді Н.Назарбаев.

ҚазАқпарат

0 Пікір Кіру