2019 жылғы Қазақстандағы ТОП 5 бизнес - на finance.bugin.kz
SERIKOV ADILET - на finance.bugin.kz SERIKOV ADILET

ТОП 5 бизнес түрі

Қазіргі уақытта елімізде кәсіп жасауға барлық жағдай жасалған. Кәсіпкер атанамын десеңіз бір-ақ сәт. Бизнес идеяңыз мықты болса, ақшаны күректеп табасыз. 2019 жылы Қазақстанда жасауға болатын ТОП -5 бизнес идеясын ұсынбақпын. Ұсыну бізден, іске асыру сізден болсын. Сонымен, кеттік.

1. Қазіргі трендте "Правильное питание" яғни "Дұрыс тамақтану" 

Бұл бизнес түрін интернет магазин арқылы жасасаңыз болады. Бар болғаны сайт пен әлеуметтік желіні қолдансаңыз жеткілікті. Түсер пайдасы шаш етектен. Кететін шығын аз.  Елімізде бұл өнім түрін қолданушылар саны күннен күнге артып келе жатыр.  Алдағы уақытта бұл бизнес түрі қарқынды дамиды. 

2. Шет тілі курстары

Қарыштап келе жатқан заманда шет тілдерін білу талап һәм міндет. IELTS және  TOEFL сертификаттары үшін сабылып жүрген жастар тағы бар. Бір жағы ақша табу көзі, екінші жағынан білімді шыңдаудың жолы. Ағылшын, қытай, корей тілдерінен бөлек, француз, испан т.б. тілдерінің сұранысы нарықта жоғары болып тұр. Ертеректе Қадыр Мырза Әлі айтқандай: "ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ", әрине бірінші өз тілімізді құрметтеуден басталатынын ұмытпайық.

3. Сән салоны немесе Шаштараз

Қазіргі уақыттағы сұраныста тұрған сервистің бірі Сән салоны немесе Шаштараз. Аса қиын мамандық саналмағанымен ежелден келе жатқан үйреншікті мамандыққа жүгінетіндер саны аз емес. Көп қаржы кетірмей өз шеберлігіңіз арқылы бастаған кәсібіңізді дөңгелете бересіз. Айтпақшы, Қазақстандағы табысты кәсіптер қатарына жатады.

4. Эвакуатор

Елімізде көлік саны адам санының 3/1- ін құрайды. Кем дегенде әр отбасыда 1  темір тұлпар бар делік. Көлік қақтығысының саны жыл сайын артуда. Көлік апатынан жүруге жарамсыз көлікті таситын Эвакуатор таба алмай сенделетініміз тағы бар. Эвакуаторлардың бағасы шарықтап тұрғанына назар аударатын болсақ, қалтаңды томпайтатын кәсіптің бірі осы дерсіз.

5. Программист

Бізде кеш дамыған салалардың  бірі болсада, қазіргі таңда бұл мамандар азддап саналады. Барлық сала компьютерленіп жатқан кезеңде, программисттердің тінтуірін қимылдатқаны біраз теңгеңізді талап етеді. Елімізде ғана емес әлем бойынша мықты мамандықтар қатарынынан саналады. Білігіңіз болса бай болуға еш кедергі жоқ. 

0 Пікір Кіру