Ең тиімді және қауіпсіз жолды таңдуға көмектесеміз.

Материалдық құндылық сананы билеген заманда әр адам үшін қаржы жинау үлкен мәселе. Ал жиналған қаржыны сақтау және оны пайдаға асыру жолдары тағы да бар.


Қордағы ақша пайда әкелетін орынды қалай анықтау керек?


1.     Тәуекел

Қазақ «Тәуекел түбі – жел қайық» дейді. Ақша жүрген жерде тәуекел жасау қалыпты жағдай. Ақша айналымда жүріп пайда әкеліп тұру үшін аз көлемдегі қаражатты тәуекелге салуға тура келеді.

2.     Айналымға түсетін ақшаның жүру бағыты туралы

Пайда табу үшін салынатын ақшаның қандай компанияған бара жатқанын, оның қанша уақытта пайда әкелетінін, негізгі көзі қандай екенін тәуекелге барған адам есептеу керек.

3.     Пайданың маңыздылығы.

Пайданың маңыздылығы жыл сайынғы өсімді көрсетіп отырады. Ақша салып отырған адам қанша пайда табатынын өзі есептей алады. Пайдаға түсетін ақшада артық сандар болмауы керек. Бұл өте қауіпті. Өте көп және өте аз мөлшердегі пайда әкелетін ақшадан абай болған дұрыс.

4.     Компанияның сенімділігі.

Ақшаны салатын компания туралы барлық мәліметті білу міндетті. Тек ақпарат аздық етеді, аталған компанияның нарықтағы ғұмырын да ескеру керек. Ол туралы басқа да тұтынушылардың пікіріне сараптама жасау маңызды.



Қайда инвестиция жасау керек?


1.     Банктік салым


«Банктік салым» бұрыннан қалып тасып келе жатқан классикалық ақшаны еселеудің бір түрі. Дамушы елдердегі халықтың жаппай ақшаны банкке сақтауы және депозит арқылы пайыздық пайда табу мәселесі жақсы дамыған. Дегенмен оның үлкен екі кемшілігі бар:

-         Жылдық пайыздың көп болмауы;

-         Мерзімінен бұрын ақша шығып, одан айрылып қалу.


2.     Инвестициялық компанияға ақша салу


Дамыған елдер үшін инвестиция жасау, одан пайда табу тұрақты түрде қалыптасып кеткен. Қор нарығы – бұл қаржы нарығының бір бөлігі, онда акциялар мен құнды қағаздар айналымда болады.

Егер сіздің тұрмыстан бөлек қорда тұрған ақшаңыз банктік салымнан да көп пайызбен пайда әкелсін десеңіз, қор нарығы, қаржығы нарығы сізге таптырмас орта.


Инвестициялық компанилялардың пайдасы:

-         Пайда табасыз. Таза пайда;

-         Стратегиялық жағынан экономикалық база қалыптастыру;

-         Жеке қызмет көрсету мүмкіндіктері;

-         Менеджмент-тәуекелділіктің  жүйесі;

-         Барлық қаржыны бақылауда ұстау;

-         Қордағы барлық ақшаның кез келген уақытта сіз үшін пайдаға асуы;

-         Мемлекеттік тараптан сақтандыру жасау және қауіпсіздікке кепіл беру. Инвестицилялық банкке бір жағдай туындаған кезде жеке тұлғаның ақшасы сақталып қалады;


Администратор