Ипотека алудың жаңа түрі пайда болды - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

"Орда" ипотекасын кез келген қазақстандық осы айдың соңына дейін рәсімдей алады.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ жаңа ипотекалық бағдарламаның жоспарын тарқатып айтты. Ипотека беруші компанияның мәліметіне сүйенсек, жаңа ипотека басында пәтері бар жеке тұлғаларға да беріледі. Ал несие серіктес банктердің көмегімен іске асады.

Олардың айтуынша, қарыз алушының төлем қабілеті толық расталған кезде жылдық мөлшерлеме 12% болады. Ипотека еліміздің 16 қаласында беріледі және оны 21 жастан асқан кез келген Қазақстан азаматы ала алады. Дегенмен несие алушының жасы зейнет жасынан аспауы керек. Бұл ипотека бойынша төлем қабілеті толық расталған кезде баспана құнының 30%-ы көлемінде және төлем қабілеті ішінара расталған кезде баспана құнының 50%-ы көлемінде алғашқы жарна енгізілуі тиіс.  

" "Орда" ипотекасы арқылы 40 миллион теңгеге дейінгі сомада баспана алуға болады. Бұл қарыздың жоғары сомасы, ал төменгі сомасы – 1 миллион теңге. Ипотеканы 20 жылға дейін рәсімдей алады", -  дейді "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ  басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Компания өкілдерінің айтуынша, клиент пәтерді өзі таңдайды да, ол жайлы банктің серікстесіне хабарлайды. Кейін банктегілер қажетті құжаттарды жинап, ипотекалық компанияға өтініш жолдайды. Сосын ғана ипотекалық компания қарыз алушының төлем қабілетін тексеріп, қабылдаған шешімін банкке хабарлайды. Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

"Біз Қазақстан қор биржасының облигациялық бағдарламасы есебінен 5 миллиард теңге алдық. Инвесторларымыз - банктер мен сақтандыру компаниялары. Биыл тестілеу режимінде 3-4 миллиард теңге жоспарлап отырмыз. Бұл өніміміз халыққа ұнаса, келесі жылы 30-40 миллиард теңгеге дейін несие беруді мақсат етеміз", - дейді Әділ Мұхамеджанов.

0 Пікір Кіру