Қазақстанда көмір мен отын бағасы қымбаттай ма? - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Газ бен жылу жүйесінің бағасы бір жылда 4 пайызға қымбаттаған.

Ал көмір 18%-ға, отын 9%-ға қымбаттады, - деп хабарлайды Bugin.kz, Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Табиғи газдың да бағасы бір жыл ішінде 4,2 пайызға қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен.

Сарапшылар зерттеуі бойынша, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Яғни бір жылда 17,5 пайызға қымбаттап кеткен. Ал отынның текше метрі 6 мың теңгеге жоғарылап, 9,3 пайызды құрады.

0 Пікір Кіру