Марғұлан Ақан

Кеш қалып қоймаңыз!

1998-2003 жылдар үлгісіндегі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтату туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2018 жылғы 14 қарашада Ұлттық Банк филиалдарының 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік, 2000 жылғы үлгідегі 1000 және 2000 теңгелік, 1998-2001 жылдар үлгісіндегі 5000 теңгелік және 2003 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтататынын еске салады.

2007 жылғы 15 қарашадан бастап 1998-2003 жылдар үлгісіндегі банкноттар айналыстан шығарылды және заңды төлем құралы болуын тоқтатты. 1998-2003 жылдар үлгісіндегі банкноттарды айырбастауды Ұлттық Банкінің филиалдары 11 (он бір) жыл ішінде жүргізді.

Барлық сұрақтар бойынша Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 330 25 58 телефоны бойынша, сондай-ақ «ҚҰБ online» мобильдік қосымшасындағы «Банкноттар мен монеталар» бөліміне өтініш жасауға болады.

0 Пікір Кіру