Астанада қар күреуге  13 миллиард 921 миллион 301 мың теңге бөлінді - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Бұл 37 миллион 123 мың долларға тең

Қарды тазалауға ыңғайлы әрі мердігер ұйымдарды бақылауға жеңіл болу үшін олардыңк арасында қала аумағын аудандарға ғана емес, шаршыларға да бөлді.

«2019 жылдан бастап санитарлық тазарту бойынша қызметтке байқауды аудан әкімдіктері үш жылға өткізеді. Әр аудан бірнеше шаршыға бөлініп, жалпы қалада  28 шаршы болмақ, Есіл ауданында – 8, Алматы – 9, Байқоңыр – 5, Сарыарқа – 6», — деп түсіндірді Астана қаласы жанармай-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Жасұлан Байжанов.

Оның сөзіне сүйенсек, елордада қар жауғаннан кейін күрелуі тиіс аумақтың ауданы 25 миллион 789 мың 047 шаршы метр.

«Бұл биыл қалада қардан тазатылатын аумақ. Оның іщінде механикалық тазарту – 9 921 447 шаршы метр, қолмен күреу – 15 867 600 шаршы метр. Ал бағыттардың жалпы ұзындығы – 932 766 метр», — дейді ол.

Астанада биыл қыста көшелерді қардан тазартуға 1564 көлік жұмылдырылмақ.

Дереккөз: elorda.info

0 Пікір Кіру