Күтпеген жаңалық: Катар OPEC-тен шығады - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мұнай бағасы қалай өзгереді?

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (OPEC) Катар мемлекеті шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы энергетика жөніндегі министр Саад бен Шрида аль-Кааби хабарлады.

OPEC – Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы. Бұл ұйымға мүшелер мұнай бағасы және мұнай өндіру саласы бойынша бақылау жасайды. Аталған ұйымға 15 мемлекет кіреді. Бұл мемлекеттер жердегі мұндайың 3/2 бөлігін игеріп отыр. Яғни 45 % үлес осы мемлекеттердің қолында.

Катар мұнай өндіруші елдер қатарында және әлемдегі ең бай мемлекеттердің ішінде абыройы асқақ, беделі биік ел. Олардың бұл ұйымнан шығуына басты себеп, газ өндірісін қолға алу.

2024 жылға жасалған бағдарлама аясында Катар мемлекеті газ өндірісіне ден қойып, жылдық өсімді 77-110 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр.

 

0 Пікір Кіру