Жаңа жылды тойлауға бюджеттен ақша бөлінбейді  - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қаржы министрі сөзі

Министрліктегі мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылды тойлаймайтын болды. Бұл мереке үшін бюджеттен ақша бөлінбейтіндігін Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. 

– Біз мерекелік шара ұйымдастырмаймыз. Ал қызметкерлердің өзі атап өтеміз деп жатса, өз қалталарынан шығарады. Оларға жұмыстан тыс уақытта шектеу қоя алмаймыз, – деді министр.

Оның айтысына қарағанда, қаржы арнаулы мерекелерге ғана бөлінеді. Жаңа жыл бұл қатарға кірмейді.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан халқы жаңа жылдық тойлауға 200 миллиард теңгенің шамасында қаржы жұмсапты.

0 Пікір Кіру