Салыстыру: Қазақстан мен көрші елдердегі бензин бағасы - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдердегі бағамен салыстырды

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдердегі бағамен салыстырды. 

Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы мұнай өнімдері саудасының жағдайы тұрақты екенін және жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайтынын жеткізді.

 "Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасының орташа құны - 154,8 теңге. Елімізде дизель отынының бір литрі - 193,2 теңге. 10 желтоқсанда мұнай базаларында жанар-жағармай материалдарының қоры ішкі саудадағы сұранысты қамтамасыз ету әбден мүмкіндігі бар екенін көрсетті: бензин қоры АИ-92 - 267,5 мың тонна, дизель отыны - 143,2 мың тонна.  Салыстыру үшін: Ресей Федерациясында бензин бағасы - 230,5 теңге, Өзбекстанда - 273 теңге, Қырғызстанда - 234 теңге. Дизель отыны Ресейде - 246,5 теңге, Қырғызстанда - 250,8 теңге, Өзбекстанда - 208 теңге", - деді министр үкімет отырысында.

 Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев Қазақстанда отын бағасы көтерілмесі үшін Қазақстаннан уақытша дизель отынын шығармау заңнама аясында жасалып, Еуразиялық экономикалық одақтың келісімдеріне зиян келтірмейтінін айтады.

Дереккөз: tengrinews.kz

0 Пікір Кіру