Мол табыссыз-ақ баспананы қалай алуға болады? - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Танымдық ақпарат

Көп адам үй алу үшін жалақың жоғары болуы керек деп ойлайды. Бірақ аз кіріспен де пәтер сатып алуға болады. Қазақстанда кез келген табыс деңгейімен баспаналы болуға мүмкіндік беретін құрал бар. Ол – тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі.


1. Қолжетімді несие иесі атану үшін не істеу керек?

Жинақ жүйесі бойынша сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегідепозитке ақша жинап, кейін 3,5-5% аралығындағы елдегі ең төмен мөлшерлемемен несие ала аласыз.

Ай сайын депозитке осынша ақша аудар деген қатал ереже жоқ. Бұл соманы отбасыңыздың табысына қарай өзіңіз белгілей аласыз.

Ең бастысы - жүйенің үш негізгі ережесін сақтау. Сонда тиімді займның иесі атанасыз.

Біріншіден, депозитке үй бағасының 50%-ын жинау керек.

Екіншіден, кем дегенде үш жыл жинау керек. Бұдан ұзақ уақыт та жинауға болады. Бәрі өз мүмкіндігіңізге байланысты.

Үшіншіден, ең төменгі бағалау көрсеткішіне қол жеткізу керек. Ол 16-ға тең. Бағалау көрсеткіші – бұл сіздің қаржылық тәртібіңіздің көрсеткіші. Ол сіздің  депозитке ақшаны қаншалықты тұрақты салып тұрғаныңызды көрсетеді. Шотыңызды ай сайын толықтырып отырсаңыз, мақсатыңызға тезірек жетесіз.

Несие мөлшерлемесіне тек депозиттің мерзімі ғана әсер етпейді. Бағалау көрсеткішін де ескеру керек. Шотыңызды уақытынан бұрын толықтырып отырсаңыз, ақшаны ұсынылған сомадан артығымен салып отырсаңыз, бағалау көрсеткіші тезірек өсетін болады. Сәйкесінше, пайызы төмен несие алғанға дейінгі уақыт та қысқарады.


2. Несиені төмен пайызбен қалай алуға болады?

Депозит ашып, банк салымшысы атанамын десеңіз, сізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесіне келу керек немесе банк кеңесшісін шақыра аласыз.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – агенттер желісі бар еліміздегі жалғыз банк. Бұл агенттер банк атынан қызмет көрсетеді. Олар сізге ыңғайлы уақытта, сізге ыңғайлы жерге келіп, кеңес ұсынып, депозит ашып бере алады. Кеңесшіні, тіпті, демалыс күні де шақыра аласыз.

Ол үшін не істеу керек?

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сайтына өтіп, "Сіздің кеңесшіңіз"деген парақшаны ашып, қалаңызды таңдайсыз. Осыдан кейін сіз тұратын аймақтағы кеңесшілердің тізімі шығады. Өзіңіз қалаған кеңесшіге хабарласып, үйіңізге немесе жұмыс орныңызға шақырып, банк қызметін ала аласыз.


3. Депозитті қалай ашамын?

Депозит ашып, банк салымшысы атанамын десеңіз, сізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесіне келу керек немесе банк кеңесшісін шақыра аласыз.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – агенттер желісі бар еліміздегі жалғыз банк. Бұл агенттер банк атынан қызмет көрсетеді. Олар сізге ыңғайлы уақытта, сізге ыңғайлы жерге келіп, кеңес ұсынып, депозит ашып бере алады. Кеңесшіні, тіпті, демалыс күні де шақыра аласыз.

Ол үшін не істеу керек?

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сайтына өтіп, "Сіздің кеңесшіңіз" деген парақшаны ашып, өз қалаңызды таңдайсыз. Осыдан кейін сіз тұратын аймақтағы кеңесшілердің тізімі шығады. Өзіңіз қалаған кеңесшіге хабарласып, үйіңізге немесе жұмыс орныңызға шақырып, банк қызметін ала аласыз.


4. Жүйенің тағы қандай ерекшеліктері бар?

Депозит ашу үшін сізге тек бір құжат – жеке куәлік қажет.

Банк кеңесшісі сіз туралы мәліметтерді базаға енгізіп, арнайы сертификат тапсырады. Осыдан кейін сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің толыққанды салымшысы атанасыз.

Мұның бәрі тегін жүретінін және кеңесшіге ешқандай ақша төлемеу керек екенін айта кету керек.

Депозитті өзіңіз толықтырып отыра аласыз. Мұны түрлі банктердің интернет-банкингі арқылы қашықтан да істеуге болады, ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесіне келудің қажеті жоқ.

"ЖССБ 24" интернет-банкингіне тіркеліп, "жеке кабинеттен" төлемдер жүргізе аласыз. Бұдан бөлек интернет-банкинг арқылы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қанша түскенін біліп, бағалау көрсеткішін бақылап, "Өз үйім" және "Нұрлы жер" бағдарламалары бойынша байқауға қатысуға өтініш беруге болады.

Дереккөз: baribar.kz

 

0 Пікір Кіру