Тимур Сүлейменов тағы бір жаңа қызметке тағайындалды - на finance.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на finance.bugin.kz Қаракөз Амантай

ҚР Ұлттық экономика министрі

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды.

ҚР Ұлттық экономика мимнистрлігінің ресми интернет-ресурсының мәліметінше, "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.

Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады: "Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін; Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау; Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау". 

Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.

0 Пікір Кіру