Мемлекет даму үшін демалыс күндерді қысқарту керек - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

2019 жылы 120 күн демаламыз

2019 жылға жасалған күнтізбелік кесте бойынша қазақстандықтар 120 күн демалады деп ақпарат бердік. 1 жылда 365 күн толық бар деп есептейтін болсақ, 245 күн біздің жұмысқа кететін уақытымыз. Жалпы неге біздің елде демалыс күндері көп? Сенбі - жексенбі күндерді айтпаған кезде, мемлекеттік мерекелердің өзі 1-3 күн арасына созылады. 


Еліміздегі мемлекеттік және ұлттық демалыс күндер:

Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;

Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз;

Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;

Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр;

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

Жеңiс күнi - 9 мамыр;

Астана күні - 6 шілде;

Қазақстан Республикасы Конституция күні - 30 тамыз;

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан; 

Ұлттық мереке:

Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.

2019 жылы наурыз айында – 14 күн, мамыр желтоқсан айларында 12 күннен, қаңтарда – 11 күн, маусым мен тамыз айында 10 күннен, шілде, қыркүйек және қараша айларында 9 күн, ақпан мен сәуір айларында 8 күннен демалады.

Демалыс күндерінің ел экономикасына қандай қатысы бар?

Бұл мәселенің басы сонау ғасырларды артқа тастаған тарих қойнауында жатыр.   

Мемлекет жаппай өсуге және экономикасын тұрақтандыру үшін жұмыс күшін көбейтіп, демалыс дегенді ұмытты. Себебі, жұмыс күші артпайынша, елдегі экономикалық тұрақтылық сақталмайды, мемлекеттің ішкі жалпы өнімі тұралап қалады. Мұны жүйені ойлап табушылар жақсы түсінді. Егер елде демалыс күндерін көбейтсе, тоқтаусыз жұмыс істеп жүрген қызметкерлер, жиған-тергенін сол демалыс күндері шашуға дайын тұрады. Өйткені, демалыс күндерді асыға күтеді және барын салады. 

"Қаралы жұма" деп аталып кеткен "Black Friday" түсінігі де осыдан келіп шыққан. Жаппай халықтың ақшасын қорға сақтамай, жұмсалуын қадағалауға негізделген. Ең қызығы, демалыс күндерінің көп болуы кедей мемлекеттерге тән көрініс. Ал, дамыған елдерде демалыс күндері емес, жұмыс күні көп. 

Неге?

Олар үшін әр демалысты күту маңызды рөл атқармайды. Олардың айлығы және материалдық қажеттіліктері күнделікті жұмыс күндерін демалысқа айналдырып жіберуге жеткілікті және осыған олар дағдыланған. 

Олар осы  жүйені құра отырып, кедей мемлекеттердегі қызметкерлердің тапқан таянғанын айналымға салып жіберуді қалайды. Қазір "бай байып, кедей кедейленіп" бара жатқан қоғам қалыптасты. 

Бұл мәселеге тек біз емес, көрші Ресей елі де алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың қаржы мамандары тіпті елдегі демалыс күндерінің көптігінен ішкі жалпы өнімнің құлдырауы байқалғанын алға тартады. Егерде, демалыс күндерді қысқартып, жұмыс күшін арттырған кезде ІЖӨ жылдық көрсеткіш бойынша 2 %-ға өседі деп отыр. 

АҚШ-та 11 қараша күні мемлекеттік деңгейде "Ардагерлер күні" аталып өтеді. Бұл ағылшындар үшін демалыс күні. Алайда, дәл осы күні мемлекеттік мекемелер жұмыс жасайды. Жұмыс жасағандар үшін арнайы көтерме үстемақы алады. 

Қазақстанда

Біздің мемлекеттік мерекелерді айтпаған күннің өзінде оқушыларымыз көп демалады. Түске дейін және түстен кейін деп екі мезгілге бөліп оқытамыз. Жаздағы үш ай демалысты тағы қосыңыз. 

Миллиард халықты асырап отырған, әлемдік экономикада жетекші орын алатын, АҚШ-тың экономикасын басып озуға мүдделі елдердің бірі Қытайда оқушылар таңғы сағат 7:30-дан бастап кешкі 4 не 5-ке дейін оқиды. Арасында 1 сағат үзіліс түскі асқа арналған. Ал оларда жазғы демалыс 2 айға да жетпейді. Яғни, мемлекет қарқынды даму үшін, экономикасын өсіру үшін жаппай жұмыс күшін арттыру керек және халықтың жалақысы демалысқа қарамай-ақ жеткілікті деңгейде жаратуға жетуі керек. 

Қарапайым, мұнай саласына жалданып жұмыс істейтін (вахта) қызметкерледің өзі айына 15 күн жұмыс жасап, 15 күн демалады. 15 күн ішінде алған мың доллар ақшасын қалған 15 күн демалыста жаратып үлгереді. 

Түйін

Біздің санадағы әлі оянбаған түсінік осы. Біз әр күнімізді демалыс ретінде қарай алмаймыз. Біздің ешқашан уақытымыз болмайды. Жұмыс істейтін халықтың дені депрессиялық жағдайда жауап береді. Ешкімнің көңілі толмайды. Асығып жеткен сенбі-жексенбісінде ақшасын барынша жаратып, демалып қалуға асығады. 

Егер мемлекет елдегі демалыс күндерін қысқартып, халықтың жұмыс жасауына және жалақысын жеткілікті деңгейде беретін болса, ортақ айналымдағы ақша күн сайын қозғалыста болар еді. Әр күн сайын 1 000- 3 000 теңге арасында әрбір адамның шығын жасауының өзі мемлекеттің экономикасына әсер етеді. Ал бізде қалай, бізде бір күн демалыста 50-100 мың теңге арасында тапқан табыстың 80% жаратуға асығамыз. 



0 Пікір Кіру