Министр ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Дұрыс айтып отыр

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінде (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) трансшекаралық есеп жүйесіне бірыңғай электронды валюта енгізу идеясын қолдаған болатын. 

Бүгін мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл идеяны қолдамайтынын ашық айтты.  

"Біз қолдамаймыз. Бұл менің жеке әрі саяси тұлға ретіндегі позициям", - деді министр. 

Сүлейменовтің пікірінше, ұлттық валюта – ту, елтаңба, әнұран сияқты ел егемендігінің символы. Сондықтан оны барынша қорғап, дамытып, сақтауымыз керек. 

"Қандай да бір квази, проксивалюталарға жол бермеуіміз керек", — деді ол. 

Министр бұл ұсынысты Ресейдің ұлттық төлем кеңесі жасағанын атап өтті. 

"Бұл - ұсыныс емес, оны ресейлік ұлттық төлем одағы талқылап жатыр. Оларда бірқатар ұсыныстар бар көрінеді, алайда бұл ұсыныс ресейлік тараппен ресми жария етілмеген. Дәл осылай Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы да ұсыныс жасай алады, — деді Сүлейменов.


0 Пікір Кіру