1 доллардан 2 млн долларға дейін: Әлемге әйгілі президенттердің айлығы қанша?  - на finance.bugin.kz
Мəке Журналист - на finance.bugin.kz Мəке Журналист

Президенттердің тізімін ұсынамыз

Әлемде 200-ге тарта мемлекет бар. Олардың дамуы мен экономикалық тұрақтылығы түрлі бағытта дамыған. Қызық, бұл дамыған және дамушы елдердің басшылары қандай жалақы алуы мүмкін?

Дональд Трамп – Америка Құрама Штаттарының президенті

Жылына – $1 доллар жалақы алады. Ол президенттік сайлау кезінде-ақ, мемлекет басшысына тағайындалатын 400 мың доллар, яғни, $33 мың  айына немесе күніне $1095  көлеміндегі жалақыдан бас тартатынын айтқан. Ақ Үй өкілі Сара Сандерс Дональд Трамп өзінің 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған президенттік жалақысын толығымен медициналық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін АҚШ ардагерлер кеңесіне бөлгенін хабарлаған болатын.

Петр Порошенко – Украина Президенті

Жылына - $12 220 доллар жалақы алады. Бұл айына $ 1 018 доллар немесе күніне $33 доллар. Оның жалпы байлығы - $1,3 миллиард долларды құрайды екен. Осылайша, Петр Порошенко Украинадағы ең бай адамдардың рейтингісінде 6-орында тұр. 2017 жылы оның барлық президенттік жалақысы толығымен қайырымдылыққа жұмсалған деген деректер де бар.

Си Цзиньпин – Қытай Халық Республикасының президенті

Қытай басшысы жылына $20 593 доллар алады. Қазіргі уақытта алатын айына $1716 немесе күніне $56 долларды құрайтын президенттік жалақысы 2015 жылы 62 пайызға артқаннан кейін ғана осы сомаға жеткен. Әлемдік алпауытқа айналған елдің қарапайым басшысы, әйелі мен қызы ешқандай жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды. Дегенмен, жақын туыстарының байлығы $376 миллион долларды құрайтыны белгілі болған.

Саули Ниинистё – Финляндия президенті

«Солтүстік шұғыласымен» атақты елдің президентінің жылдық жалақысы -  $146 700 доллар екен. Бұл дегенің  $12 225 доллар айлық болса, Ниинистё күніне $402 доллар алады деген сөз.

Владимир Путин – Ресей Федерациясының президенті

Кремль басшысы жылына $151 000 доллар жалақы алады. Forbes журналы 2016 жылдың әлемдегі ең ықпалды тұлғасы ретінде таныған Путин айына $12 586 доллар немесе күніне $414 долларды құрайтын жалақыға ие. 2015 жылы Владимир Путин өзінің жалақысын 10%-ға қысқарту туралы шешім қабылдаған.

Тереза Мэй – Ұлыбританияның премьер-министрі.

Англияны қатаң тәртіпте басқарып отырған ханымның жылдық жалақысы - $198 509 доллар. Яғни, айына $16 542 доллар, ал күніне $544 доллар алады. Өз қаражатын туфли коллекциясын толықтыруға жұмсайтын көрінеді. Себебі, оның аяқ киімдерінің өзі бөлек арнайы бөлмеде сақталады екен.

Эммануэль Макрон – Францияның президенті.

Ең жас француз президенті жылына $211 530 доллар немесе айына $17 628, яғни, күніне $580 доллар жалақы алады. «Қаржы Моцарты» атанған Макрон президент болғанға дейін де банк саласында өте табысты қызмет атқарған. Сол кездің өзінде-ақ жылына $1 миллион доллар жалақы алған екен.

Ли Сяньлун – Сингапур премьер-министрі.

Қарқынды дамыған елдің қазіргі басшысы жылына $ 2 миллион 200 мың доллар алады. Ол бүгінгі қызметін өзінің әкесі Ли Куан Ю-дан мұрагерлікке алған. Сингапур экономикасын шарықтатқан басшының баласы әлем елдері президенттері арасында ең жоғарғы жалақы алады. Демек, айына $147 мың доллар, күніне $ 7350 доллар. Ол өзінің жалақысын «адал әрі лайықты» деп есептейтінін мәлімдеген болатын. Бұған дейін оның жалақысы 36 есе көп болған. Тек Сингапур халқының наразылығынан кейін жалақысын азайтуға шешім қабылдаған екен. Соның өзінде Сингапур премьері Канада, Австрия, Швейцария, Бельгия, Ресей сияқты елдердің президенттерінің жалақысының бәрін қосқаннан да көп  айлық алады.

Дереккөз: Qamshy.kz

0 Пікір Кіру