Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Біз авторларға және қоғамға не ұсына аламыз?

#Buginnenbasta – бұл біздің ұран ғана емес, бұл тек БАҚ саласына қосылған кезекті бір сайт секілді жоба емес. Бұл мемлекеттік және әлемдік деңгейдегі үлкен жобаның бір бөлшегі ғана.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы еліміздегі тәуелсіз авторларға төмендегі 4 мүмкіндікті жасайды:

1. BGI (Bugin Index) жинау арқылы автор Bugin.kz сайтына жарияланған мақаласы үшін ақы алады. 
Ақы [лайк+пікір+бөлісім+көрілім+уникальность] (түсінікті болу үшін) формуласы арқылы жүзеге асады.
Мысалы: 1 мақалаңыз 10 000 көрілім+100 лайк+30 пікір+15 бөлісім және 80% көрсеткіште түпнұсқалығын сақтаса, сіздің есепшотыңызда 10 145 BGI бар. Бұл дегеніміз 10 145 теңге.

2. Журналистика және филология мамандығын бітіріп жатқан немесе оқып жүрген студент жастарға материалдық жағынан молынан қаржы табуға үлкен мүмкіндік;
3. Тәжірибе алмасу арқылы өзінің деңгейін және жазу стилін қалыптастыру;
4. Айта кету керек, сіз сайтқа БЛОГ емес ақпараттық-танымдық мақала жазасыз. Оның жауапкершілігі бар.

Bugin.kz аталған төлем жүйесін 2019 жылдың ақпан айынан бастап жүзеге асырады. Қазір ақпан айына дейін ең үздік деген авторды таңдау үшін Samsung Galaxy A 6 телефоны ойнатылып жатыр.

4 айдың ішіндегі жетістік:

- Сайт техникалық жағынан үздік әрі сапалы жасалған;
- Күн сайын 30 мақала тұрақты шығады. Оның ішінде 15-20 мақала сайт ұжымынан болса, қалған мақалалар тіркелген тәуелсіз авторлардың еңбектері;
- Қазір сайтқа 300-ге жуық тәуелсіз авторлар тіркелді;
- Күніне сайтқа кіретін оқырман саны орташа есеппен: 6 000 – 10 000 адам;
- 4 айдың ішінде Facebook әлеуметтік желісіндегі «Buginkz» парақшасына 28 871 адам тіркелді. 
- Топқа бөліскен мақаланың орташа белсенділігі – 5-10 мың арасы; Ең қызықты мақалалардың көрілімі – 30-50 мың, 2-3 мың лайк, 150-200 пікір және 100-200 бөлісім жинауда;

Құрметті тәуелсіз автор, бізге қосыл! Бүгіннен баста!
Cәттілік!