Шымкент қаласының жастарына жалдамалы пәтерлер беріле бастады - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Жастар жылы

Шымкент қаласының әкімдігі жастарға жалдамалы пәтер беруге өтініш қабылдап жатыр. Жастар жылына орай салынған тұрғынжайға өтінімдер 25-29 қараша аралығында қабылданады.

Әкімдіктің хабарлауынша, Егерде Сіз:

  • жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған болсаңыз;
  • Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрсаңыз;
  • Соңғы 2 жылда тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмесе;

Ай сайынғы табысыңыз 40 АЕК (101 000 теңге) кем емес және банктегі жинақ (депозиттік) шотыңыз бар болса, бағдарламаға қатыса аласыз.

Жастарға жалдамалы пәтерлер 5 жылға беріледі. Болжам бойынша, пәтер алған жастар айына 10-12 мың теңге төлеп тұрады. Оның ішінде коммуналды төлемдер де бар.

Пәтерлер балдық жүйе бойынша беріледі. Яғни, үміткерлердің оқыған мамандығы мен жұмыс істеп жатқан саласы қандай, үйленген не үйленбегені, қанша баласы бары, қандай жетістіктерге жеткенң – сол жақтары қарастырылып, ұпай есептеледі.

Мәселен, өтініш берген үміткер елде сұранысы жоғары 100 мамандықтың бірін меңгерген болса, онда оған автоматты түрде 10 балл беріледі. Отбасын құрған болса, тағы 5 балл, некеде тұрған әрбір жылға 2 балл, баласы бар болса, тағы 1 балл, әрбір балаға 2 балдан, қандай да бір салада жетістікке жеткен болса, тағы 2 балл, банкте жинаған ақшасы болса, тағы – 2 балл. Осылай кете береді...

Бұдан бөлек, айта кететін тағы бір нәрсе – өтініш берушінің тұрақты жұмысы болуы тиіс. Ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен жоғары (100 мың теңгеден жоғары) болғаны жөн.

Бағдарламаға қандай құжаттар қажет екенін мына сілтемеден білуге болады.

0 Пікір Кіру