Қытай зауыттары: Инвесторлар елімізде зауыт салмайтын болды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Қытай инвесторлары Қазақстанда зауыт салудан бас тартты

Қытай инвесторлары Оңтүстік АЭА-да 42 млрд теңгенің зауытын салмайтын болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Ведомство 2017 жылы Сяньян тоқыма өнеркәсіп паркімен келіссөздер жүргізгенін еске салды.

«Қытай тарапы аймақ аумағында 42 млрд теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді», – деп министрлік хабарлады.

Осылайша, өңірде мақта-мата иірім жібін өндіретін фабрика салынады деп жоспарланған. Нысанның қуаттылығы жылына 25 мың өнімді құрауы керек еді.

«Жобаның қаржылық моделін әзірлеу және тәуекелді бағалау бойынша жұмыстар аясында қытайлық әріптестер соңғы жылдары байқалатын мақта құнының жиі ауытқуы күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді», — деді министрлікте.

Сонымен қатар ынтымақтастық шеңберінде Қытайда АЭА және Қазақстанда Саньян тоқыма паркінің өкілдіктері ашылды. Олардың қызметі пилоттық режимде жүзеге асырылып, ақпарат алмасуға және жобаны іске асыру үшін тараптардың іс-қимылдарын келісуге бағытталған.

0 Пікір Кіру