Қытай виртуалды ойындардан қанша ақша табады? - на finance.bugin.kz
Бейсенғазыұлы Төлеужан - на finance.bugin.kz Бейсенғазыұлы Төлеужан

Қытайдан Корея мен Жапонияға ойындар сатылады

Бейжіңнен тарайтын салалық баяндамаларға сүйенсек, Қытайдың ойын индустриясы үлкен экспорттық әлеуетті көрсетіп отыр: 2019 жылы шетелде сала табысы 11 млрд АҚШ долларына жетті.

2018 жылы 9,59 млрд АҚШ долларынан ұлғайған бұл сома 2010 жылдармен салыстырғанда жүз есе өсті деп айтылған CNG зерттеу институты мен Newzoo Ғаламдық ойын индустриясы және киберспорт саласындағы талдау қызметтерін жеткізуші компания бірлесіп жариялаған баяндамасында.

CNG бұрын жарияланған баяндамасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жартысында шетелдік нарықта өз бетінше әзірленген онлайн-ойындарды сатудан түскен түсім өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайызға өскен.

- Қытай АҚШ-тан кейінгі әлем ойындарының көлемі бойынша екінші экспорттаушы болды. Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония және Корея Республикасы Қытай ойындары сатылатын негізгі нарық болды, - деді CNG бас талдаушысы Ван Сюй.

Сондай-ақ, бұл өсім зерттеулер мен әзірлемелерге арналған мүмкіндіктерді кеңейтуге инвестициялардың артуына байланысты екен.

0 Пікір Кіру