Азия азық-түлік дағдарысына тап болып отыр - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Оны шешу үшін алдағы 10 жылда тағы 800 миллиард доллар қажет

Азия «өзін-өзі асырай алмайды» және келесі 10 жылда көбірек азық-түлік өндіріп, аймақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тағы 800 миллиард доллар инвестициялау керек, деп хабарлайды "CNBC" агенттігі.

Азиядағы халық саны өсуде, ал тұтынушылар қауіпсіз, пайдалы және тұрақты тағамды талап етеді деп жазады басылым.

Өткен аптада шыққан Азық-түлік өнімдерін сатуға арналған халықаралық есеп бойынша, келесі 10 жылдықта Азық-түлікке жұмсалатын шығын екі есе артады. Яғни, 2019-шы жылғы 4 триллион доллардан 2030-шы жылға қарай 8 триллион доллардан асатын көрінеді.

PwC, Rabobank және сингапурлық Temasek инвестициялық фирмасы жасаған баяндама авторлары:

- Егер бұл инвестиция нәтиже бермесе, индустрия сұранысты қанағаттандыра алмай, Азия тұрғындары ашаршылыққа тап болуы мүмкін, - дейді.

Хабарламада айтылғандай, инвестицияның жартысына жуығы Қытайға кетуі мүмкін.

Cейсенбіде Темасектің басқарушы директоры Ану Махешвари БАҚ өкілдеріне:

- Азиядағы агроөнеркәсіптік кешен үшін ең үлкен мүмкіндік Қытайда болуы мүмкін, ақылды автоматтандыру технологияларын қолданатын ауылшаруашылық компаниялары қазірдің өзінде бар, -деді.

0 Пікір Кіру