Шымкентте кәсіпкерлерге сауда сататын жерлер тегін ұсынылды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Батыл қадам

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы ерекше қадамға барды: бизнеске арнап тегін сауда орындарын ұсынды.

Қала ішінде орналасқан үшқабатты ғимарат ішіндегі сауда орындарын Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы қаладағы кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге  жалға тегін алуды ұсынуда. Тегін жалға алудың бір ғана шарты бар – жұмыс орындарын құру арқылы бизнесті дамыту.

 - Бизнес мәселелерін зерттей келе біз кәсіпкерлер кәсіп ашуда тап болатын бірінші мәселе өндірісті қайда орналастыру қажеттігі екенін байқадық. Қалада коммерциялық жылжымайтын мүлік көп, бірақ ондағы бағалар стартап-бизнесті айтпағанда, шағын және орта кәспкерлік үшін тым жоғары. Біз бос тұрған ғимаратын беруге дайын бизнесменді таптық. Онда кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер өздерінің бинес жобаларын аяққа нық тұрғанға дейін тегін іске асыра алады, – деді Шымкент қаласы кәсіпкерелер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.

0 Пікір Кіру