Шымкентте жылдың аяғына дейін бизнеске 4500 грант беріледі - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Шымкент - бизнеске жайлы қала

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Шымкент аймақтық палатасы «Бизнес Бастау» бағдарламасының қорытындыларын шығарды әрі сәтті жүзеге асырылған бизнес идеялар жайлы айтты. Домбыра жасау, ұлттық киім тігу, IT-технология саласындағы стартап бастау сынды кәсіп-бастамалар жақсы табыс әкелуде.

- 2019 жылы 6 қыркүйектен бастап Шымкентте «Бизнес бастау» жобасының жаңа кезеңі басталды. Біріншісінде 743 адам оқыса, екіншісінде 791 адам оқыды. Үшінші оқытылымға 1300 тыңдаушы қатысқалы отыр. Ол 4 қарашадан басталуда. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 1400 жас білім алмақ, - дейді аймақтық палатаның директоры Нұрлан Қабіштаев.

Осы жылдың соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең (500 мың теңге) 4500 адамға грант берілмек. Оған мүгедек жандар, көпбалалы аналар мен басқа да әлеуметтік жағдайы төмен адамдар қатыса алады.

 

0 Пікір Кіру