Қытайдың сауда министрі Ресейге келді - на finance.bugin.kz
Бейсенғазыұлы Төлеужан - на finance.bugin.kz Бейсенғазыұлы Төлеужан

Қытай Ресеймен біріксек, әлемге қарсы тұра аламыз дейді

27 қараша күні Қытай Халық Республикасының Сауда министрі Чжон Шан мен Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Орешкин екі елдің басшылары маусым айында Санкт-Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форумда қол жеткізілген сауда-экономикалық қатынастар туралы келісімдердің орындалуы туралы кеңес өткізді. 

- Сауда-экономикалық салада реттеуді қолдауды жеделдетуге, бизнес-ортаны жақсартуға және соя мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу бойынша сауда ынтымақтастығын тереңдетуге күш салынады, - деді Чжон Шан.

Қытай министрінің ойынша, екі ел бірігіп Дүниежүзілік сауда ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және БРИКС сияқты көпжақты институттардағы байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтады, бірлесіп көпжақты сауда жүйесін қорғайды және біржақтылық пен протекционизмге қарсы тұруға қауқары бар. 

- Қытай Ресейдің екінші халықаралық импорттық көрмеге қатысуын құптайды және келесі жылы Ресейде жетінші қытай-ресейлік көрменің сәтті өтуіне өз үлестерін қосуға дайын, - деді ол.

Максим Орешкин өз кезегінде ресейлік тараптың Қытаймен байланыстар мен ынтымақтастықты, атап айтқанда, электронды сауда және қызмет көрсету саудасы сияқты дамып келе жатқан салаларда, энергетика, минералды ресурстар және көлік сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

- Ресей сауда мен инвестицияларды жеңілдетуге, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті, сондай-ақ екіжақты сауданы жылына 200 миллиард долларға жеткізуге тырысады, - деп сендірді ресейлік министр.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы Қытай мен Ресей арасындағы сауда 27,1 пайызға артып, тарихи рекордтық 107 миллиард долларға жетті. 

0 Пікір Кіру