55 млрд: Алматыдағы метро құрылысына бюджеттен қаржы бөлінеді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Алматыдағы метро құрылысына бюджеттен 55 млрд теңге бөлінеді

2020-2022 жылдары Алматы метросы үшін арнайы 55 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Үкіметтің «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жобасы бар. Сол жобаға сәйкес, Алматы қаласындағы рельстік көліктің дамуын қамтамасыз ету үшін 55,7 млрд теңге бөлінеді. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылы – 35,1 млрд теңге, 2021 жылы – 10 млрд теңге, 2022 жылы – 10,6 млрд теңге.

Сонымен қатар метро құрылысына заңды тұлғаларға 37 миллиард теңге бөлінеді. Оның ішінде 2020 жылы – 16,4 млрд теңге, ал 2021 жылы – 10 млрд теңге. Қалған 18,7 млрд теңге 2020 жылы электр пойыздарын сатып алуға жұмсалады.

0 Пікір Кіру