24,2 мың кәсіпорын: Алматы сату саласында көш бастады - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Сату саласындағы кәсіпорындардың жартысы Алматы мен Нұр-Сұрсұлтанда тіркелді

Көтерме және бөлшек сауда саласында, сонымен қатар автомобильдерді жөндеу және сату бойынша 2019 жылы 131 мың шағын кәсіпорын тіркеіпті. Бұл өткен жылға қарағанда 0,2%-ға өскен.

Дәлірек айтқанда елімізде 81,1 мың шағын компания жұмыс істейді. Бір жылдағы өсім — 11,4%. Бұдан жұмыс істеп тұрған барлық шағын бизнестің үлесі 27,3%-дан 27,6%-ға дейін артты.

Тіркелген шағын сауда кәсіпорындарының жартысына жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтанда орналасқан. Оның 24,2 мыңы — Алматыда және 14 мыңы — Нұр-Сұлтанда.

Сауда саласындағы шағын компаниялардың ең аз саны Түркістан облысында, онда 2 мың ғана тіркелген кәсіпорын бар. Олардың ішінде 1,2 мыңы жұмыс істейді.

2019 жылғы қаңтар-қазанда шағын кәсіпорындар сегментіндегі сауда көлемі 23,1 трлн теңгені құрады. Оның 16,5 трлн теңгесі — көтерме сауда, 6,5 трлн теңгесі — бөлшек сауда.

0 Пікір Кіру