Әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден берілді  - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Жобалар экология, әлеуметтік даму және әйелдер көшбасшылығы саласында жасалынған

Алматыда өткен Kazakhstan Urban Conference - 2019 шарасында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік жобалардың авторларын марапаттады.

Байқау нәтижесі бойынша үш жоба үздік деп танылды. Соның бірі - латын графикасына негізделген қазақ тілін үйрену үшін құрылған Soyleu жобасы, авторы - Артем Соколов. Жеңімпаздар қатарында Равиль Насифулин де болды. Ол аз қамтылған отбасыларға 300-ге жуық компьютер сыйлады. Үшінші орынды "Бақытты отбасы" жобасымен Зульфия Байсақова иеленді. Жоба авторы көпбалалы отбасыларға көмектеседі.

Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Біздің орталықтың бар қызметкері үшін аз қамтылған отбасыларға көмектесуге деген ықыласымыздың қолдау тапқаны үлкен қуаныш болды. Жобамыз бен оның мақсатының маңызды екені тағы бір дәлелденгеніне ризамыз, - деді "Бақытты отбасы" жобасының авторы Зульфия Байсақова.

0 Пікір Кіру