Burj Khalifa Қазақстан туына боялды: Жарнама құны қанша? - на finance.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на finance.bugin.kz Асхат Қасенғали

Ғимаратқа жарнама орналастыру тым қымбат

Әлемдегі ең биік ғимарат күні кеше Қазақстанның туына боялды. Бұл ел тәуелсіздігіне арналған еді. Ғимаратта Қазақ Елінің туын көрсету БАӘ тарапынан сыйлық я қаржылай ақы арқылы жасалғаны белгісіз.

Бүгінде Burj Khalifa-ның сыртқы бетінде жарнама жасау кең етек алған. Әлемдегі турист ең көп баратын Дубай қаласы болғандықтан, әлем брендтері жарнама үшін осы ғимаратты таңдайтыны да белгілі. Жарнама құны 3 минутқа 250 мың дирхам немесе долларға шаққанда 68 мың долларды құрайды. 

Ал демалыс күндері оның бағасы 3 минутқа 95 мың долларға дейін өседі. Барлық жарнамаларды орналастыру Emaar Properties компаниясымен келісіп қана жүзеге асады.


0 Пікір Кіру