Енді «Олимп» букмекерлік клубы миллиардтаған салық төлемек - на finance.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на finance.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Ақшаны шетелге шығарудың заңсыз арнасы

Алматы қаласы прокуратурасының хабарауынша, ведомство талабымен «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС-ға тағайындалған тексерістің нәтижесінде көлемді сомада салық төленбегені анықталды.

Алматы қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 5 ай бойы жүргізген тексеріс қорытындысы бойынша, соңғы 5 жылда ойын бизнесі салығын дұрыс төлемеу мәселесі белгілі болған. Тиісінше «Олимп.kz» ЖШС – 62 миллиард теңге, ал «Alpha-bet» ЖШС – 83 миллиард теңге төлеу міндеттелді. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірлесе отырып, ақша қаражатын Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз шығару арналарын анықтап, бұғаттаған.

Қалалық прокуратураның хабарламасында «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» делінген. Сондай-ақ Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Onlybet» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім шығарған.


0 Пікір Кіру