АҚШ Конгресі Украинаға $ 700 млн көмек беруді қолдады - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Енді заң жобасын Сенат қарауы тиіс

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы 2020 жылы Украинаға 698 миллион доллар көлемінде қаржылық көмек көрсетуге «оң» дауыс берді. Бұл туралы Украинская правда басылымы хабарлады.

- Қаржы Украинаның демократиялық жолға түсуіне көмектеседі, - деді демократтар өкілі Марси Каптур.

АҚШ-тың қаржылық қолдау көлемі өткен жылға қарағанда 2,3 миллион доллар артық.

Әрі қарай шешімді АҚШ Сенаты қарастырады.

Бұған дейін конгрессмендермен келісілген АҚШ-тың 2020 қаржы жылына арналған қорғаныс бюджеті Украинаға 300 миллион доллар сомасында әскери көмекті қамтитындығы хабарланған болатын.


0 Пікір Кіру