Елімізде  ЕАЭО-дағы ең жоғары инфляция деңгейі тіркелді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Бағаның құнсыздануы

Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары инфляция деңгейі елімізде тіркелді.

2019 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық баға өсімі ЕАЭО елдері арасында ең жоғары болды. Қазақстандағы жылдық инфляция 5,4%-ды құрады.

Беларусьте көрсеткіш 5%-ға, Ресейде – 3,5%-ға, Қырғызстанда — 2,8%-ға және Арменияда — 1%-ға жетті. Бұл ретте ЕАЭО-да бағаның жиынтық өсімі 3,7%-ға тең.

Елімізде секторлар бөлінісінде бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ға өсті. Осы көрсеткіш бойынша ел Одақтың барлық елдерін басып озды. Қырғызстанда өсім жылына 5,1%-ды, Беларусьте – 5%-ды, Ресейде — 3,7%-ды, Арменияда — 0,9%-ды құрады.

Қызмет бағасының өсуінде біршама өзгеше жағдай байқалды. Қазақстанда бұл сегментте бағаның өсуі жыл ішінде 0,6%-ға тең болды. Бұл — Одақтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Ал ең төмен көрсеткіш Қырғызстанда тіркелді — 0,3%. Беларусьте ақылы қызметтер бағасы 7,3%-ға, Ресейде – 3,9%-ға, Арменияда — 1,2%-ға өсті.

0 Пікір Кіру