40%: Қазақстанда құмар ойындары саласындағы қызметтер көлемі қысқарды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Құмар ойындары саласындағы қызметтер көлемі 40%-ға қысқарды

2019 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер көлемі 9,7 млрд теңгені құрады. Бұл – 2018 жылға қарағанда 37,4%-ға кем. Бұл көрсеткіш экономиканың қадағаланбайтын секторын есептеген кезде болды. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.

Экономиканың бақыланбайтын секторын есептемегенде, қызметтер көлемі бір жыл ішінде 38,5%-ға — 15,5 млрд теңгеден 9,5 млрд теңгеге дейін қысқарған.

Еліміздің өңірлерінде сектордағы қызметтер көлемі 2019 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында 17 өңірдің 3-інде ғана өсті. Олар: Қызылорда облысында — 2,7 есе, 6,1 млн теңгеге дейін; БҚО — 30,6%, 27,8 млн теңгеге дейін; Ақмола облысында — 4,5%, 1,3 млрд теңгеге дейін.

Қызметтердің төмендеуі ШҚО (0,9 млн теңге) және Шымкентте (2,1 млн теңге) — 97,2%-ға, Маңғыстау облысында (1,9 млн теңге, минус 96,2%), Нұр-Сұлтанда (99,5 млн теңге, минус 96%) байқалды.

Қызметтің ең үлкен көлемі құмар ойын зоналары бар аймақтарға тиесілі — Алматы (7,2 млрд теңге) және Ақмола (1,3 млрд теңге), олардың ҚР бойынша үлесі тиісінше 75,5%-ды және 13,4%-ды құрайды.

Ауылдық жерлерде қызмет көрсету көлемі 3%-дан аспайды, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 253,7 млн теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға аз.

Айта кетейік, құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер саласында көлемінің жартысынан астамы орта бизнеске (5,2 млрд теңге) және үштен бірінен астамы ірі бизнеске (3,5 млрд теңге) тиесілі. Шағын кәсіпорындардың үлесі 8%-дан сәл жоғары (779,9 млн теңге), ал ЖК-де 1%-дан аз (44,6 млн теңге).


0 Пікір Кіру